
2020 жылғы 13 қазанда шамамен 23.30-да Жалпақтал ауылында полиция қызметкерлері «Браконьер» жедел профилиактикалық іс-шарасын өткізу барысында 1992 ж.т. жүргізушінің басқаруындағы «Ваз-21713» маркілі автокөлігін тоқтатып, оның салонын тексеру кезінде жалпы салмағы 379,95 кг 10 919 дана өзен шаяндары салынған 35 қапшық тәркілеген. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі (Балық ресурстарын, өзге де су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
БҚО ПД Баспасөз қызметі