
Батыс Қазақстан облысында террористік тұрғыдан осал объектілердің 17 басшысына бағынысындағы объектілерінің жарақталуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №191-2015 ж. қаулысының және "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңының талаптарына сәйкес келмегені үшін жалпы сомасы 5 млн. 96 мың 120 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Мемлекет кірісіне 3 млн. 262 мың 640 теңге өндірілді.
Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын бақылауды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды ұдайы жүргізіп, олардың басшылары мен меншік иелерімен түсіндіру жұмыстарын да тұрақты негізде жүзеге асырады.
2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Батыс Қазақстан облысының аумағында террористік тұрғыда осал 765 объекті бар.
«Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығының негізінде 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеру тоқтатылды.
2020 жылдың 9 айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №191-2015 ж. қаулысы мен Қазақстан Республикасының "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" №416-1999 ж. Заңының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан террористік тұрғыда осал 336 объекті тексерумен қамтылды. 2020 жылғы тексеру нәтижелері бойынша 17 басшы (2019 жылы-9) әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жалпы сомасы 5 млн. 96 мың 120 теңге айыппұл салынды, мемлекет кірісіне 3 млн. 262 мың 640 теңге өндірілді.
ТТО объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуының бұзылуына жол бермеу мақсатында тексерілетін объектілердің 520 басшысымен, меншік иелерімен және күзет ұйымдарының өкілдерімен түсіндіру жұмысы өткізілді, террористік қауіп туындаған жағдайда олардың іс-әрекеттері бойынша жадынамалар табыс етілді.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің БҚО бойынша департаментінің терроризмге қарсы орталығы террористік тұрғыда осал объектілерде 6 рет сабақ өткізді.
ТТО объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуының бұзылуына жол бермеу мақсатында күзет ұйымдарының басшылары, меншік иелері және өкілдері мынадай құжаттарды зерделеу бойынша персоналмен сабақтар өткізуді қамтамасыз етуі қажет:
Мұндай сабақтарды тоқсанына бір реттен кем емес өткізуді ұсынамыз.
БҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы