
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті қосымша кешенді шараларды жүзеге асыруда.
Атап айтқанда, жол қозғалысын бақылау үшін өңірде ұшқышсыз ұшу аппараттары – дрондар белсенді түрде қолданыла бастады. Бұл заманауи құрылғылар патрульдік полицияның жұмысын жеделдетіп, құқық бұзушылықтың алдын алуға зор мүмкіндік береді.
4 айда облыс аумағында басып озу ережелерін бұзып, қарсы бағыттағы жолаққа шыққан 3278 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
“Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы аясында жол-көлік оқиғалары жиі тіркелетін қауіпті учаскелер ерекше бақылауға алынды.
Түнгі уақытта, сондай-ақ демалыс және мереке күндері қала сыртындағы автопатрульдер саны артып отыр.
Полиция департаменті барша азаматтарды жолда абай болуға және жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Есіңізде болсын, жол қауіпсіздігі – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.