БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА ОРНАЛАСУҒА БАЙҚАУ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ:
Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігі Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті, 090000, Орал қаласы, Пугачев көшесі, 45, анықтама телефондары 8 (711-2) 92-10-33, 98-42-83, 98-42-85, 98-42-86, 98-42-87, 98-41-40, 98-41-61 ұдайы негізде бос лауазымдарға байқау жариялайды:
- ПД медициналық тобының бас санитарлық дәрігері (С-SVО-7 санатты, 1 бірлік)
Функциялық міндеттері: ПД қарамағындағы объектілерде санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды бақылау және жүзеге жүргізу.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары медициналық білім, Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.
- ПД медициналық тобының бас дәрігер-эпидемиологі (С-SVО-7 санатты, 1 бірлік)
Функциялық міндеттері: әдістемелік басшылық жасау, бақылау және ведомоствовалық бағынысты ПД медициналық ұйымдарының қызметін үйлестіруді ұйымдастыру.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары медициналық білім, Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.
- ПД медициналық тобының аға инспектор-дәрігері (С-SVО-8 санатты,
1 бірлік)Функциялық міндеттері: ПД қарамағындағы объектілерде санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды бақылау және жүзеге жүргізу.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары медициналық білім, Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.
- Орал қаласы Полиция басқармасының, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе аудандарының полиция бөлімдерінің, Абай, Жалпақтал полиция бөлімдерінің тергеушісі (С-SVR-8 санатты, 9 бірлік)
Функциялық міндеттері: сотқа дейінгі материалдарды қарайды, қылмыстық істерді тергейді.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (заңтану, құқық қорғау қызметі), Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.
- Орал қаласының Полиция басқармасы, Шаған полиция бөлімі, Бөрлі, Жәнібек, аудандарының полиция бөлімдерінің криминалдық полициясының жедел уәкілі (С-SVR-8 санатты, 8 бірлік)
Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күресуге қатысады.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (заңтану, құқық қорғау қызметі), Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.
- Бөрлі, Бөкей ордасы, Казталов, Жәнібек, Жаңақала, Теректі және Сырым аудандарының полиция бөлімдері жол және техникалық инспекциясы тобының мемлекеттік автоинспекторы (С- SVR-8 санатты, 11 бірлік)
Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күресуге қатысады, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (көлік, көлік техникасы және технологиялар, көлік құрылысы, көлік тасымалдауларын, қозғалысын ұйымдастыру және пайдалану), Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді, жол қозғалысы ережесін білуі, «В,С1» санатты жүргізуші куәлігінің болуы, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.
- Орал қаласы Полиция басқармасының, Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Жаңақала, Қаратөбе, Казталов, Тасқала, Сырым, Шыңғырлау аудандарының полиция бөлімдерінің, Абай, Шаған, Жалпақтал полиция бөлімдерінің учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-8 санатты, 31 бірлік)
Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күресуге қатысады.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (заңтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, алғашқы әскери даярлық, мемлекеттік және жергілікті басқару), Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.
- Полиция департаменті, Орал қаласының Полиция басқармасы патрульдік полициясы батальонының, Бөрлі ауданы полиция бөлімі патрульдік полиция взводының қызмет инспекторы (С-SSP-8 санатты,
65 бірлік)Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күресуге қатысады, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, арнайы-орта білім (заңтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, көлік, көліктік техника және технология, көлік тасымалдауларын, қозғалысын ұйымдастыру және пайдалану) Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді, жол қозғалысы ережесін білуі, «В,С1» санатты жүргізуші куәлігінің болуы қажет, Қарулы күштері қатарында қызмет өткеруі, жасы 35-тен аспауы, бойы 175 см. кем болмауы тиіс.
- Орал қаласының Полиция басқармасы, Абай, Тайпақ полиция бөлімдерінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-8 санатты, 4 бірлік)
Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күресуге, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысады.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (заңтану, құқық қорғау қызметі, педагогика және психология, алғашқы әскери даярлық, дене шынықтыру және спорт, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, психология), Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.
- Бөкейордасы, Тасқала, аудандарының полиция бөлімінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау және тобының инспекторы (С-SVR-8 санатты, 5 бірлік)
Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күресуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысады.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (заңтану, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық, педагогика және психология, халықаралық қатынас, психология), Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.
- ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы
(С-SN-8 санатты, 7 бірлік)Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күресуге қатысады.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, арнайы-орта білім (заңтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, алғашқы әскери даярлық, дене шынықтыру және спорт), Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, Қарулы күштері қатарында қызмет өткеруі, жасы 35-тен аспауы, бойы 175 см. кем болмауы тиіс, күрес және атыс түрлерінен спорттық, біліктілік разряды болуы қажет.
- Ақжайық, Сырым, Бөрлі, Шыңғырлау аудандарының полиция бөлімдерінің әкімшілік практика инспекторы (С-SVR-8 санатты, 4 бірлік)
Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күресуге қатысады.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (заңтану, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету), Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді, жол қозғалысы ережесін білуі, «В,С1» санатты жүргізуші куәлігінің болуы қажет, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.
- Полиция департаменті, Орал қаласының Полиция басқармасы, Тасқала ауданының полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының инспекторы (С-SVR-8 санатты, 5 бірлік)
Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, көші-қон саласында қылмысқа қарсы күресуге қатысады.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (заңтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, құқық және экономика негіздері, шетел тілі, халықаралық қатынастар, теология, түркітану, әлеуметтану, саясаттану, аймақтану), Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білуі. Жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.
- Бәйтерек, Жаңақала, аудандарының полиция бөлімдерінің қызметтік және азаматтық қару айналымын бақылау тобының инспекторы (С-SVR-8 санатты, 1 бірліктен)
Функциялық міндеттері: қару айналымын қадағалау.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (заңтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, құқық және экономика негіздері,), Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білуі. Жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.
- Абай, Приурал, Тайпақ, Жалпақтал полиция бөлімдері, Ақжайық, Бөкейорда, Бәйтерек, Жәнібек, Казталов, Теректі ауданының полиция бөлімдерінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі (С-SVR-8 санатты, 9 бірлік)
Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күресуге қатысады.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, арнайы-орта білім (заңтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, алғашқы әскери даярлық, мемлекеттік және жергілікті басқару), Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, Қарулы күштері қатарында қызмет өткеруі, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.
- Бөрлі, Қаратөбе полиция бөлімдерінің тылды қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі, ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының полицей-жүргізушісі (С-SV-12 санатты, 1 бірліктен)
Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күресуге қатысады.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: орта білім, Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білуі қажет, Қарулы күштері қатарында қызмет өткеруі, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс жол қозғалысы ережесін білуі, «В,С1» санатты жүргізуші куәлігінің болуы.
- Орал қаласының Полиция басқармасы айдауылдау қызметі взводының полицейі (С-SV-12 санатты, 2 бірлік)
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: орта білім, Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, Қарулы күштері қатарында қызмет өткеруі, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.
- ПД тылды қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі (С-SV-12 санатты, 1 бірлік)
Функциялық міндеттері: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмысқа қарсы күресуге қатысады.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: орта білім, Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білуі қажет, Қарулы күштері қатарында қызмет өткеруі, жасы 35-тен аспауы, бойы 175 см. кем болмауы тиіс жол қозғалысы ережесін білуі, «В,С1» санатты жүргізуші куәлігінің болуы.
- Орал қаласының Полиция басқармасы тылды қамтамасыз ету технигі
(С-SV-13 санатты, 1 бірлік)Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: орта білім, Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік тілді білу, Қарулы күштері қатарында қызмет өткеруі, жасы 35-тен аспауы, бойы 170 см. кем болмауы тиіс.
Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн ІІО-ның кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, құжаттар тігетін мұқаба тыста орналастырылған мынадай құжаттарды тапсырады:
- бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
- еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (болған кезде);
- әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (қолда бар болса);
- кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездемені;
- 3,5х4,5 см өлшемдегі төрт фотосуретті;
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
- Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы;
- құжаттарды тапсыру сәтінде өту мәнінен төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуден өткені туралы жарамды сертификатты (не сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін);
- конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы жарамды қорытындыны (не қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесін);
- біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде).
Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.