«2024-2028 жылдарға арналған қоғам мен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына» сәйкес "102" арнасы арқылы келіп түскен құқық бұзушылық туралы сигналдар бойынша

«2024-2028 жылдарға арналған қоғам мен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына» сәйкес "102" арнасы арқылы келіп түскен құқық бұзушылық туралы сигналдар бойынша ойын-сауық мекемелерінің қауіпсіздік деңгейін бағалау критерийлері (рейтингі) бекітілді.

Осыған байланысты "Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында БҚО Полиция департаменті облыстың ойын-сауық орындарынан келіп түсетін құқық бұзушылықтар туралы өтініштерге талдау жүргізді.

Талдау нәтижесі бойынша хабарламалардың басым бөлігі мына ойын-
сауық орындарынан келіп түскені анықталды:   "The Bar" түнгі клубынан - 31, "Али" кафесі -20, "Махаббат" кафесінен - 17, "Лас Вегас" түнгі клубынан -17, Гагарин көшесіндегі  "Шок" кафесінен -14, "Алгабас" кафесінен -14, "Central kараоке" караоке барынан - 12, "Скай" кафесінен -12, "Восточная сказка" кафесінен -11, "Эльдивино" түнгі клубынан -9.


Жыл басынан бері "102" операторының пультіне ойын-
сауық орындарынан 503 өтініш келіп түсті, оның ішінде 15 ұрлық, 13 қасақана денеге жарақат келтіру, 7 бұзақылық, 2 мүлікке залал келтіру, бір-бірден адам өлтіру, тонау және алаяқтық тіркелді.

Дата публикации
27 июня 2025