Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Қазақстан Республикасы ІІМ-нің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы № 218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.
Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.
ІІМ-нің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 773 бұйрығына сәйкес ПД бастығының номенклатурасына жататын лауазымдарды атқаратын қызметкерлер жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей үлгіге сәйкес баянат және қызметтік тізімді "Құжаттамашы" жүйесі арқылы Тәрбие және кадр жұмысы басқармасына жолдайды.
Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:
1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін (ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).
ПД номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:
- Полиция департаменті облыстық аппараты – C-SVО-7 санаты;
- қалалық және аудандық полиция департаментінің бөліністері –
C-SVR-7 санаты;
- арнайы бөліністер – C-SN- 7 санаты;
- саптық бөліністер – C-SSР-7 санаты.
2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;
3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілсе.
Сұрақтар туындаған жағдайда БҚО ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасына хабарласуға болады,
каб. № 433, 435, анықтама телефондары 8(7112)98-41-61, 92-10-33 электрондық мекенжайлар b.esmuhan@mvd.gov.kz, m.hairullina@mvd.gov.kz
Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.
БҚО ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы