«Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтетінін хабарлаймыз!

«Жолда қабылдау» республикалық акциясын Батыс Қазақстан облысының аумағында ағымдағы 2020 жылғы шілденің 17-18 аралығында өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.

Аталған іс-шара Орал қаласының Пугачев көшесі, 45 мекен-жайы бойынша Полиция департаментінің фронт офисінде және 4-шағын ауданы 28 үй мекен-жайы бойынша, сондай-ақ облыстың барлық аудан орталықтарында (Ақжайық, Бөрлі, Бөкейордасы, Бәйтерек, Тасқала, Теректі, Казталов, Шыңғырлау, Сырым, Қаратөбе, Жәнібек, Жаңақала) өтетін болады.

Осы күндері 35-04-84, 8-708-435-04-84 телефон нөмірлері бойынша қауырт желі жұмыс жасайды.

«Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтетінін хабарлаймыз!
Дата публикации
16 июля 2020