БҚО ПД қызметкерлеріне алғыс білдірді

14 маусым күні Бөрлі ауданының ПБ патрульдік полиция қызметкерлеріне алғыс хат келіп түсті.
Патрульдік полиция взводының инспекторлары инсульт алған ер адамды ауруханаға жеткізуге көмектесті.
Патрульдеу барысында инспекторлардың назары мазасыз адамның басқаруындағы автокөлікке түскен. Аталған азамат бағдаршамға тоқтап, полициядан көмек сұрап, инсульт алған әкесі көлік салонында екенін айтқан. Полиция аға лейтенанты М. Бикболатов және полиция лейтенанты Т. Қадырғали
жағдайдың ауырлығын түсініп, әкесін патрульдік көлікке отырғызып, Бөрлі аудандық ауруханасының дәрігерлерінің қолына тапсырды.

- Қызметкерлерге көрсетілген көмек үшін зор алғысымды және ризашылығымды білдіремін.
Бөрлі ауданының ішкі істер органдарында осындай қайырымды және қамқор адамдар жұмыс істейтініне шын жүректен қуаныштымын. Полицейлердің арқасында әкесіне дер кезінде көмек көрсетілді, бұл оның өмірін сақтап қалды.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Дата публикации
10 июня 2021