Бүгін БҚО-да республикалық «Жолда қабылдау» акциясы басталды. Акция облыстың барлық аудандары мен облыс орталығында өткізілуде.
БҚО Полиция департаментінің құзырлы бөліністерінің қызметкерлері «Instagram» парақшамызда тікелей эфир арқылы тұрғындармен тілдесіп, олардың қойған сауалдарына жауап берді.
Әсіресе, облыс аумағында өткізіліп жатқан жедел алдын алу іс-шаралары туралы, жол көлік оқиғалары туралы, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жол белгілері,көші –қон қызметі бойынша тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылды.
Сонымен қатар, аталмыш акция облысымыздың 12 ауданы мен Орал қаласы полиция басқармасында өткізілуде.