Көші-қон қызметі басқармасына «электрондық үкіметтің» порталы арқылы (бұдан әрі-Портал) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ресімдеу мәселесі бойынша жиі сұрақтарымен азаматтар жүгінеді.
Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығымен бекітіген) оны көрсету үшін құжаттарды дайындаудың жаңа технологиясына сәйкес құжаттардың түр өзгерісіне байланысты жеке басын куәландыратын құжатты ауыстыру кезінде портал арқылы жүзеге асыру ушін құжаттар қабылданады (яғни ескі үлгідегі құжаттарды жаңасына ауыстыру кезінде).
Портал жүйесі өтінімді өңдеуге 2014 жылда желтоқсанға дейін дайындалған (яғни 2014 жылғы желтоқсаннан бастап түрлі-түсті сүретпен жаңа үлгідегі куәліктер шығарылады) жеке куәліктер бойынша (ескі үлгідегі) қабылдайтынын атап өткен жөн. Сәйкесінше 2015 жылдың қаңтарынан бастап дайындалған жеке куәлік жаңа технология бойынша дайындалған құжаттар болып табылады және Портал арқылы қайта шығаруға жатпайды. Паспорттарды ресімдеу кезінде портал жүйесі 2009 жылдың желтоқсанына дейін жасалған паспорттар бойынша өтініштерді қабылдайды (яғни ескі үлгідегі - чипсіз).
Барлық басқа құжаттандыру түрлері бойынша ресімдеу тек қана Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылады.