«Куәліктің мерзімі шетелде болған кезде аяқталды. Айыппұл болады ма?»

Көші-қон қызметі басқармасына Орал қаласы тұрғынының уақытша Ресейде жүрген, карантинге байланысты Ресей Федерациясынан кету мүмкін еместігіне байланысты мерзімі өткен жеке куәлігін (құжаттың қолданылу мерзімі ҚР аумағында болмаған кезеңде аяқталды) уақытында ауыстыра алмағаны әкімшілік жауапкершілік мәселесі бойынша өтінішін қарады. Бұл ретте қолында Қазақстан азаматының қолданыстағы паспорты бар.
Өтініш берушінің республикадан тыс жерде болуы және жеке куәлікті қайта ресімдеу үшін Қазақстанға шығу мүмкіндігінің жоқтығын ескере отырып, оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 492-бабы бойынша (жарамсыз жеке куәлік бойынша тұру), ӘҚБтК 11-бөлігінде көзделген кінәнің жоқтығын ескере отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтыны туралы (адам өзінің кінәсі анықталған құқық бұзушылықтар үшін ғана әкімшілік жауапкершілікке тартылады) түсіндірілді.
Сондықтан, Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болған жағдайда, ол Қазақстан Республикасына кедергісіз кіре алады және келген кезде уақтылы (10 күн ішінде) жеке куәлікті қайта ресімдеу үшін ХҚКО-ға жүгіну қажет, өйткені уақтылы жүгінбеунен ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік туындайды.

Дата публикации
25 мая 2021