ҚР Ішкі істер министрлігі нормативтік құқықтық актілерді қабылдады

Күзет қызметін жетілдіруді көздейтін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы заңды (бұдан әрі – Заң) іске асыру үшін ішкі істер министрлігі мынадай нормативтік құқықтық актілерді қабылдады:
1. Ішкі істер министрлігінің 25.02.2021 ж. № 101 бұйрығы
"Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»;
2. Ішкі істер министрлігінің 15.03.2021 ж. № 146 бұйрығы
Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»;
3. Ішкі істер министрлігінің 29.03.2021 ж. № 171 бұйрығы
Күзет қызметі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
4. Ішкі істер министрлігінің 16.03.2021 ж. бірлескен бұйрығы
16.03.2021 ж. № 147 және Ұлттық экономика министрлігінің
"Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет қызметін мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 757 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 32 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (19.03.2021 ж. № 22358 Әділет министрлігінде тіркелген).

Дата публикации
04 мая 2021