Жас қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасын қадағалау

Полиция қызметіндегі жас қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасы мен қабілет- қарымын, ұжымына үйренісіп, сіңісуін, мінез- құлқын қадағалау кадр саясаты бөлімі басшыларының назарынан тыс қалған емес. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін ішкі істер саласында табанды қызмет атқаруға бел шешкен жас мамандардың тұрмыстық жағдайы мен моральды- психологиялық ахуалын Абай Пб басшылары үнемі тексереді. Бұл жолы да Абай Пб бастығының орынбасары полиция майоры Самиғолла Абдрахманов бөлімдегі жас мамандардың тұрғылықты мекен- жайына аяқтай барып, тұрмысын, отбасылық жағдайын көріп қайтты. Сонымен қатар, отбасы мүшелерімен танысып, ағайын- тумаларымен емен- жарқын сөйлесіп қайтты.Жас қызметкердің бос уақытында немен айналысатыны, спортпен шұғылдануы, сүйікті спорт түрі, қызметтен кейінгі сүйікті кәсібі мен хоббиі, алкоголь ішімдігі мен шылымға әуестігінің бар- жоқтығы басшылық тарапынан тексерілді.Туысқандарымен қарым- қатынасы мен сөйлесуі, отбасына деген жанашырлығы, қызметтен тыс кездегі мінез- құлқы да қатерге алынады.Тіпті, көршілерімен татулығы, әңгімелесіп- сөйлесуі, жайлы қарым- қатынас орнатуы да естен шығарылмады.

Абай Пб бастығының орынбасары полиция майоры Самиғолла Абдрахманов Абай Пб криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Азамат Хасановтың мекен- жайына барды. Тұрмыстық ахуалымен танысты.

Орал қ.ПБ Баспасөз қызметі

 

Жас қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасын қадағалау
Дата публикации
11 марта 2021