2020 жылдың 12 айға жасаған қортындысы бойынша 206 ескірткі заң бұзушылығы анықталды, оның 76 есірткі қылмысы.
117 адам есірткінің заңсыз айналымында құқық бұзушылық жасаған, оның 9-ы есірткіні сатқаны анықталды. Заңсыз айналымнан 86 келіден астам есірткі және психотроптық заттар алынды.
Орал және Ақтөбе қалаларында синтетикалық есірткі сататын интернет-дүкеннің қызметі тоқтатылды. Онымен айналысқан 2001 жылы туылған Орал қаласының тұрғыны ұсталып, синтетикалық есірткі аса ірі көлемде тәркіленді. Анықталған мәліметтер бойынша, ұсталған адам «Telegram» мессенджерінің көмегімен синтетикалық есірткіні Орал мен Ақтөбе қалаларында сатумен айналысқан. Ол Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының тұрғындарын «ипотека берушілер» ретінде қызықтырып, сатылымды жүзеге асырған. Төлем электронды әмиян және биткоин арқылы қабылданып келген.
2020 жылдың шілдесінде БҚО ПД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы аумағындағы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Украин азаматтары мен Теректі ауданының тұрғынынан құралған қылмыстық топты құрықтады. Бұл адамдар кейіннен сату мақсатында синтетикалық есірткі, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын өндіретін жасырын зертханасын ұйымдастырған. Тінту барысында жалпы салмағы 30 килограмнан асатын синтетикалық есірткі заттары табылды.
Мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері арасында профилактикалық жұмыс жүргізу мақсатында интерактивті сабақтар, акциялар, семинарлар, кездесулер және дөңгелек үстелдер келесі тақырыптар бойынша тұрақты түрде өткізіліп тұрады:
- «Есірткінің қаупі және оны қолданудың салдары туралы»;
- «Психоактивті заттарға тәуелділіктің алдын алу»;
- «Өзіңізді және жақындарыңызды есірткіден қалай қорғауға болады».
2020 жылдың тамыз айында БҚО ПД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері облыс аумағында Нашақорлық және есірткінің заңсыз саудасына қарсы халықаралық күрес күніне орай іс-шаралар ұйымдастырды.
БҚО ПД Баспасөз қызметі