2021 жылдың қаңтар айында 35 есірткі қылмысы,оның ішінде 5 есірткі қылмысы және 30 қылмыстық теріс қылық анықталды.
Соның ішінде 5 есірткі қылмысының аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын өткізу бойынша 2 фактісі және есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде сақтау бойынша 3 фактісі анықталды. Есірткінің заңсыз айналымы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін жедел іс-шаралар жүргізу барысында 8 адам ұсталды. Оның ішінде 2 адам есірткіні сатқаны анықталды.
Заңсыз айналымнан марихуана, өсімдік, экстракциялық апиын сияқты есірткі құралдары мен психотроптық заттар, сондай - ақ синтетикалық препараттар алынды.
Есірткі заттармен заңсыз жұмыс істеу саласындағы 30 қылмыстық теріс қылықтың ішінде: ҚР ҚК 296 - бабы 1-бөлігі бойынша-2 , ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша -26, ҚР ҚК 296-бабы 3-бөлігі бойынша -2 факт тіркелген.
Қазір интернеттің дамығаны соншалық есірткі сатушылар түрлі әлеуметтік желілер арқылы, мессенджерлер, жабық чаттар мен электрондық әмияндардың көмегімен есірткі саудасын жүргізуге мүмкін орта болып отыр. Алайда қылмыстың бұл түрі үшін есірткі сататын сілтемелер көрсетілген сайттардың аттарын жарнамалау қажет.
Әдетте, сайттар жарнамасы тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттардың қабырғаларында, қоршауларда граффити түрінде қолданылады. Сол себепті, біз облыс аумағын үнемі бақылауда ұстаймыз.
2020 жылы қылмыстық кодекске ҚР ҚК-нің 299-1-бабында көзделген «Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» деген толықтыру енгізілді.
Осы баптың бірінші бөлігі бойынша жаза - үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.
- екінші бөлікте "адамдар тобы алдын ала сөз байласып", "бірнеше рет", "білім беру ұйымдарында, сондай - ақ адамдар көп жиналатын объектілерде", "бұқаралық ақпарат құралдарын немесе электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып" және "қызмет бабын пайдалана отырып" қылмыс жасаған кезде үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгені көрсетілген.Осыған байланысты, есірткі жарнамасын тарату туралы ұсынысты қабылдамас бұрын, оңай жолмен ақша табудың соңы жақсылыққа әкелмейтінін түсіну қажет. Сондай-ақ, есірткі сайттарын жарнамалаудан басқа, соңғы уақытта интернет желілерінде, халық көп жиналатын жерлерде, тұрғын үйлердің кіреберістерінің есіктерінде жұмысқа орналастыру туралы хабарландырулар арқылы жастарды есірткіні таратуға шақыратын тәсілдер жиілеп кетті.
Интернет-ресурстар арқылы сұхбаттасу кезінде жұмыс берушілер «курьерлер» деп аталатын жұмысты ұсынады, сондай –ақ ең аз жұмыс жүктемесі бар жоғары жалақы уәде етеді. Шын мәнінде, ұсынған жұмыстары мақсаты- қоғамдық орындарда бетбелгі қою арқылы есірткіні тарату болып табылады.
Осы құқық бұзушылықтардың барлығы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабы бойынша қарастырылады. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдан бастап есірткіні қоғамдық орындарда және интернет-ресурстарды пайдалана отырып таратқаны үшін жауапкершілік күшейтілді.
297 бап: Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу
-5) электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады;
-6) қоғамдық орында – мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ағымдағы жылдың басынан бері БҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы күшімен есірткі жарнамасы бар төрт интернет-сайт бұғатталды , Орал қ .ПБ ЖПҚ және қаланың ПИК қызметкерлерімен бірлесіп синтетикалық есірткінің таралуы туралы ақпараты бар 36 граффити-жазулар жойылды. БҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы сізге оңай табыс табу үшін мұндай әрекеттерден аулақ болуды ескертеді. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын естеріңізде сақтаңыздар.
Егер сіз есірткі сайттарын жарнамалау, есірткіні тарату немесе пайдалану сияқты заңсыз әрекеттерді көрген болсаңыз: 98-45-11, 98-41-63 телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз.
Дені сау ұрпақ,келелі болашақ біздің қолымызда екенін естен шығармайық.