Батыс Қазақстан облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Асхат Аскербеков БҚО ПД Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен кездесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбын қозғады.
Кездесуде патрульдік полиция батольонының басшылары қызметтік және көлік тәртібін бұзбау, болдырмау, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу бойынша таныстырылды. Сонымен қатар басшыларға азаматтардан түсетін шағымдар мен арыздарды жан-жақты, сапалы қарау жүктеліп, сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» және қарамағындағы жеке құрамның жұмыстағы және жұмыстан тыс уақытта тәртібіне қатаң бақылау жасау қажет екені тапсырылды.
БҚО ПД Баспасөз қызметі