Полиция қызметі — халық сенімінің айнасы. Қоғам тыныштығын күзетіп, қауіпсіздікті сақтауда полицейлердің еңбегі зор. Халыққа көмек қолын созып, атқарған еңбегіне алғыс алу – полицей үшін зор мәртебе. Әкімшілік полиция басқармасының мемлекеттік аға инспекторлары Капезов Батырбек пен Тюлебаев Тимурға қала тұрғыны өз алғысын білдірді.