Бүгін БҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі А.Т. Теміржановтың жанындағы жедел жиналыста Шыңғырлау аудандық полиция бөлімінің 2020 жылғы қызметтік жұмысының қорытындысы айтылды. - Қабылданған шаралардың нәтижесінде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтарды төмендетуде оң нәтижелерге қол жеткіздік. Мәселен, 2020 жылдың 12 айында Шыңғырлау ауданының аумағында 101 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,4% - ға аз, - деп атап өтті Сергей Астафьев.