«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру
«Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті» ММ - 090000, Орал қаласы, Пугачев көшесі, 45, 4 қабат, 433 кабинет, анықтама үшін телефондар: 8 (7112) 984296, 984283 факс.505443.
электрондық адрес: /http://press-center-dvd-zko@mail.ru/
1. Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы-ПД бастығының баспасөз-хатшысы, С-О-4 санаты, №38, 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы-мемлекеттік еңбек өтілі жылдарына байланысты 126 356 теңгеден 170 599 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Бөлім жұмысын ұйымдастырады және бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Бөлімге орындауға келіп түсетін қызметтік құжаттардың уақтылы және сапалы қаралуын ұйымдастырады. Жоспарланған іс-шаралардың уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыра отырып, ведомстволық нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және қызмет жұмысы бойынша басқа да құжаттарды, бөлімнің жұмыс жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады. ІІД басшылығының тапсырмасы бойынша жергілікті атқарушы органдарда және үкіметтік емес ұйымдарда ІІД-нің мүддесіне өкілдік етеді, БАҚ-та ІІД-нің ресми өкілі болып табылады. ІІД аппаратының және оның аумақтық бөліністерінің қызметінде мемлекеттік тілдің зерделеуін бақылауды және оның қолданылуын қамтамасыз ету бойынша жұмысқа талдау жасауды жүзеге асырады, ІІО қызметінде мемлекеттік тілді дамыту және оның жұмыс істеу процесіне кері әсерін тигізетін себептер мен салдарды жою туралы, сондай-ақ тіл және ақпарат саясаты саласы бойынша жұмысты жетілдіру, тіл және БАҚ туралы заңнаманың бұзылуына жол берген басшыларға қатысты тәртіптік жауапкершілік шараларын қабылдау бойынша ІІД басшылығына ұсыныстар енгізеді. Мемлекеттік тілді оқыту бойынша ІІД және оның аумақтық бөліністерінің қызметкерлеріне курстар ұйымдастырады, мемлекеттік тілді оқыту бойынша ІІД құрылымдық бөліністері қызметкерлерінің сабаққа келуін бақылауды жүзеге асырады, сабаққа қатыспайтын қызметкерлерге тәртіптік шара қолдану туралы ІІД басшылығына ұсыныстар енгізеді. Баспасөз конференцияларын, брифингтер мен дөңгелек үстелдерді әзірлеуге және өткізуге, сондай-ақ баспасөз релиздерін, ІІД басшылығының сөз сөйлеулері мен сұхбаттары жобаларын дайындауға қатысады. ІІО қызметін жариялау және оны ақпараттық сүйемелдеу мәселелері бойынша БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады, ІІО-ның БАҚ-пен тиімді байланыста болу тетігін құруға бағытталған медиа-жоспарларды, бағдарламалар мен жоспарларды жасау және оларды іске асыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және полиция қызметін насихаттау бойынша жұмысты жүзеге асырады, олардың жүзеге асырылуын бақылайды, күн сайын жедел ақпаратты талдайды, БАҚ-қа жариялауға арналған мәліметті Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментімен келісіп әзірлейді. ІІО қызметін айқындайтын бейнероликтер, оқу фильмдері мен телебағдарламаларды дайындауға қатысады. ІІД ақпараттық сайтының интернет желісіндегі жұмысын қолдау және оны жүргізу, ведомстволық сайттың тарауларындағы әр түрлі тақырыптағы материалдардың өзектілігі жөніндегі жұмысты үйлестіреді, ІІД бастығы блогының жұмысын жүзеге асырады, оған келіп түсетін азаматтардың өтініштеріне қызметтердің уақтылы жауап беруін қамтамасыз етеді, сондай-ақ онлайн және интернет конференцияларын өткізуді ұйымдастырады. БАҚ-тағы сыни жарияланымдарға ден қою шараларына бақылау жасайды, БАҚ-тағы сыни жарияланымдарды жоққа шығару мәліметтерін әзірлеуді қамтамасыз етеді. Қызметтік және еңбек тәртібін сақтайды, сондай-ақ Басқармадағы (бөлімдегі) қызметтік және еңбек тәртібінің жағдайын бақылауды жүзеге асырады. Сеніп тапсырылған бөліністе кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүргізеді. Сеніп тапсырылған бөліністегі жұмыскерлердің арасында тәрбие жұмысын ұйымдастырады. Бағынысты жұмыскерлердің тәртіп пен заңдылықты сақтауын қамтамасыз етеді. Сеніп тапсырылған бөлініс жұмыскерлерінің кәсіби деңгейін көтеруді қамтамасыз етеді. ІІД басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: «Білім, гуманитарлық ғылым, әлеуметтік ғылымдар және бизнес» мамандықтары бойынша жоғары білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы:
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;5) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бір жылдан кем емес;
6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы;
8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес
2. ІІД Медициналық топтың бас маман-дәрігері, С-О-5 санаты, №5, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы-мемлекеттік еңбек өтілі жылдарына байланысты 108 305 теңгеден 146 177 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
ІІД жеке құрамына, олардың отбасы мүшелеріне, ішкі әскерлер әскери бөлімдер қызметкерлеріне, зейнеткерлерге және госпитальге, емханаға бекітілген басқа да контингентке медициналық көмек көрсетілуіне бақылау жасайды. Медициналық қызметтің ЕбГ және арнайы мекемелер пункттерінің қызметіне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық ету және бақылау бойынша жұмысын ұйымдастырады. Жылдық және жарты жылдық статистикалық деректердің негізінде ІІД жеке құрамына, бекітілген контингентке көрсетілген емдеу-профилактикалық жай күйін талдап қорытады, бұл бағыттағы жұмысты жақсарту бойынша ІІД медициналық қызметінің, ІІМ медициналық басқармасының басшылығына ұсыныс енгізеді. КИЛИ-КИСИ комиссиясының жұмысына тікелей қатысады. Медициналық қызметтің жұмысына тікелей қатысты бұйрықтарды, нұсқамалық-әдістемелік нұсқауларын, әзірлемелерін және өзге де нормативтік-құқықтық кесімдерді дайындайды. Емдеу-профилактикалық мекемелерінің жұмысын тексеру және практикалық көмек көрсету мақсатында ведомстволық бағынысты мекемелерге Медициналық қызмет пен ЕбГ қызметкерлерінің шығуын, оларға консультативтік көмек көрсетілуін, кешенді инспекторлық тексеру жүргізілуін ұйымдастырады. Профилактика, емдеу және диагностиканың жаңа әдістерін ЕбГ, ОӘДК жұмысына енгізуге ықпал етеді. Қарауындағылардың өкімдерді, бұйрықтарды, нұсқаулықтарды, жоспарлар мен ережелерді уақытылы әрі сапалы орындауын бақылайды. Қазақстан Республикасы ІІМ Медициналық басқармасымен хат алмасу бойынша орындаушылық тәртіпті, келіп түскен хаттардың, арыз-шағымдардың уақытылы қаралуын бақылайды. Салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру және Денсаулық сақтау министрлігінің салауатты өмір салтын сақтау орталығы бағдарламаларын іске асыруға қатысады. Жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығымен айналысады. ІІД-нің өзге де қызметтерімен және бөліністерімен, аумақтық денсаулық сақтау органдарымен өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім (денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)) мамандықтары бойынша жоғары білім. жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мынадай құзыреттердің бар болуы:
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
3. Орал қаласы Полиция басқармасы көші-қон полициясы бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, №48, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы-мемлекеттік еңбек өтілі жылдарына байланысты 95 210 теңгеден 128 834 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Жергілікті жерге барып, тұрғындарды құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша заңдылықтың сақталуын тексеру. Азаматтар мен заңды тұлғалардың тұрғындарды құжаттандыру және тіркеу бойынша шағымдарын қарау. Жоғарғы басшы органдарға бөлім қызметінің жұмысын ұйымдастыру және қажетті жағдайлар туралы ұсыныстар түсіру. Тұрғындарды құжаттандыру және тіркеу меселері бойынша оң тәжірибелерді талдау, қорыту және методикалық материалдарын әзірлеу. Азаматтарды құжаттандыру және тіркеу бойынша заңнамаларды қолдануды сараптау және қорыту. Қазақстан Республикасы тұрғындарды құжаттандыру және тіркеу ережесін ішкі істер органдарымен нұсқауға сәйкес қатаң қолдануын бақылау. Бөлімде ай сайын қатаң есептегі бланкілерге ревизия жүргізу, қалалық басқармасын қатаң есептегі Н-1 арызы бланкілерімен, уақытша жеке куәліктерімен, азаматтарды тіркеу кітаптарымен сұрау хаттары бойынша қамтамасыз ету. Белгіленген нысан бойынша қатаң есептегі бланкілердің, айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық есептерін дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
«Білім, гуманитарлық ғылым, құқық, әлеуметтік ғылымдар және бизнес» мамандықтары бойынша жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.Мынадай құзыреттердің бар болуы:
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар 3 жұмыс күні ішінде, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.
Ішкіконкурсқақатысуүшінқажеттіқұжаттар:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкеснысандағыөтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесу жүргізу уақытымен орны:
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті»» ММ-де әңгімелесуден өтеді.
Қосымша ақпарат:
Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан

__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені______________________________________________________________
__________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс
өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін
және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
__________________________________________________________________

________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___» ________________________

 

Дата публикации
10 февраля 2020