Нұр Отан" партиясы қалалық филиалының кеңсесінде азаматтарды қабылдау өткізілді. Полиция қызметінің ашықтығын жариялау, тұрғындар мен азаматтар арасындағы байланысты нығайту, азаматтардың полиция қызметіне деген оң көзқарастарын қалыптастыру, тәртіп сақшыларының тынымсыз жұмысының мөлдірлігін жариялау, халыққа жақын болу, т.б. мақсаттарды басты бағдар еткен қабылдау кезінде 10- нан аса сұрақтарға жауаптар берілді. Оралдықтарды жеке сұрақтарымен қабылдаған Орал қ.ПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Қ. Меңдіғұлов бас тіреп, қолдау іздеп келген тұрғындарға нақты жауаптар берді.
БҚО ПД Баспасөз қызметі