Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды

«Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті» ММ - 090000, Орал қаласы,  Пугачев көшесі, 45, 4 қабат, 433 кабинет, анықтама үшін телефондар: 8 (7112) 984296, 984283 факс.505443.

электрондық адрес: f.kusainova@mvd.gov.kz.

«Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті» ММ «Б» корпустың бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды

 

  1. Көші-қон полициясы басқармасы халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімшесінің жетекші маманы, С-О-6 санаты, №43, 1 бірлік. (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезінде). Лауазымдық жалақысы-мемлекеттік еңбек өтілі жылдарына байланысты 97510 теңгеден 132020 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

«Білім, гуманитарлық ғылым, құқық, әлеуметтік ғылымдар және бизнес, қызмет көрсету» мамандықтары бойынша жоғары немесе ортадан кейінгі білім;

Функционалдық міндеттері:

               Жергілікті жерге барып, тұрғындарды құжаттандыру және тіркеу  мәселелері бойынша заңдылықтың сақталуын тексеру. Азаматтар мен заңды тұлғалардың тұрғындарды құжаттандыру және тіркеу бойынша шағымдарын қарау. Жоғарғы басшы органдарға бөлім қызметінің жұмысын ұйымдастыру және қажетті жағдайлар туралы ұсыныстар түсіру. Тұрғындарды құжаттандыру және тіркеу меселері бойынша оң тәжірибелерді талдау, қорыту және методикалық материалдарын әзірлеу. Азаматтарды құжаттандыру және тіркеу бойынша заңнамаларды қолдануды сараптау және қорыту. Қазақстан Республикасы тұрғындарды құжаттандыру және тіркеу ережесін ішкі істер органдарымен нұсқауға сәйкес қатаң қолдануын бақылау. Бөлімшеде ай сайын қатаң есептегі бланкілерге ревизия жүргізу, қалалық басқармасын қатаң есептегі Н-1 арызы бланкілерімен, уақытша жеке куәліктерімен, азаматтарды тіркеу кітаптарымен сұрау хаттары бойынша қамтамасыз ету. Белгіленген нысан бойынша қатаң есептегі бланкілердің, айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық есептерін дайындау. Толтырылған Н-1 арыздардың заңдылығын, негізділігін тексеру, оларды уақытылы ҚР ӘМ ТҚК ж ҚККК-не жолдау. Азаматтарды тіркеу кітаптарын тұрғын халыққа үйлестіру бойынша есепті жасау, әкімшілік тәжірибе бойынша есеп жасау, негізсіз құжаттандыру және тіркеу фактілері бойынша айлық, тоқсандық, жылдық есептерді жасау. ҚР ӘМ ТҚжҚҚКҚ-не апта сайын қалалық басқармада тұрғындарды құжаттандыру және тіркеу бойынша бас тартулар және кері қайтарылған Н-1 арыздары туралы ақпарат жолдайды.

  С-О-6 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген тестілеу бағдарламасына сәйкес ҚР заңдарын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс. Мемлекеттік, ағылшын тілдерін білуі және компьютерде жұмыс жасай білгені құпталады. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

               

                2.Теректі ауданының ішкі істер бөлімі Ақжайық полиция бөлімі кеңсесінің жетекші маманы, С-R-5 санаты, №87, 1 бірлік. Лауазымдық жалақысы-мемлекеттік еңбек өтілі жылдарына байланысты 64959 теңгеден 88279 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

«Білім, гуманитарлық ғылым, құқық, әлеуметтік ғылымдар және бизнес» мамандықтары бойынша жоғары немесе ортадан кейінгі білім;

Функционалдық міндеттері:

ІІО бөлімдері және бөлімшелерінен бөлім жұмысы үшін қажетті мәліметтер сұратады. Белгіленген талаптарды бұза отырып дайындалған құжаттарды орындаушыларға пысықтауға қайтарады. Іс жүргізудің және құжаттармен,  азаматтардың өтініштерімен жұмыстың ұйымдастырылуына тексеру  жүргізеді, тиісті шаралар қабылдау үшін басшылыққа белгіленген тәртіпте тексерудің қорытындысын жеткізеді. Заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады. Істер номенклатурасын әзірлеуге, құпия және құпия емес номенклатуралық істерді ресімдеудің, қалыптастырудың және жабудың дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады. ҚР ІІМ, ІІД және басқа да жоғары тұрған органдардың өте құпия, құпия және ҚБПҮ бұйрықтарын, нұсқаулықтарын, алқа және жедел кеңес шешімдерін есепке алуды, тіркеуді және сақтауды жүзеге асырады. Тәжірибелік мәнін жоғалтқан құпия және құпия емес нормативтік құжаттарды, номенклатуралық істерді, есепке алу журналдарын жоюға іріктеу жүргізеді, өте құпия, құпия, құпия емес  құжаттарды жою туралы актілер жасайды. ЭҚАБЖ жүйесінде кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркеуді жүзеге асырады. Бөліністің істер номенклатурасын, мөрлер мен мөртабандарды есепке алу журналын, сейфтер мен сақтау орындарын есепке алу журналын, журналдарды есепке алу журналын, өндіріспен аяқталған істерді есепке алу журналын, жұмыс дәптерлерін, ішкі тізімдемелерді және арнайы блокноттарды есепке алу және беру журналын жүргізеді, сондай-ақ олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды жүргізеді, олардың орындалғаны және өтініштер бойынша қабылданған шешімдер туралы белгілер уақтылы деректер енгізеді. Бекітілген регламентке сәйкес қызмет бастығының азаматтарды қабылдауын ұйымдастырады, қызмет бастығының азаматтарды қабылдау журналын жүргізеді, азаматтардың жауаптарды уақтылы алуын бақылайды. Өтініш берушілерге ІІД, КІІД ҚҚеБ арқылы тапсырысты поштамен жауаптардың уақтылы жолдануын қамтамасыз етеді. Тоқсан сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, Нұр-Отан аумақтық филиалдарынан келіп түскен өтініштер бойынша, Нұр-Отан өкілдерімен азаматтарды бірлесіп қабылдау бойынша 1-О және 1-ОЛ есептерін және құжат айналым бойынша есептер жасайды, оларды ІІД, КІІД Құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне уақтылы тапсырады. ЭҚАБЖ бойынша сыртқы және ішкі құжат айналым жөніндегі есеп-мониторингін жасайды, оны ІІД Құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне тапсырады. Жылына екі рет белгіленген үлгідегі актілерді жасай отырып, ҚР ІІМ-нен келіп түскен өте құпия, құпия және ҚБПҮ өкімдік құжаттарының бар-жоғына, есепке алынуы мен сақталуына салыстырып-тексеру жүргізеді, бір данасын ІІД, КІІД Құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне тапсырады. Қызметтік, еңбек тәртібін және заңдылықты сақтайды. Кәсіби деңгейін арттырады.

  С-R-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген тестілеу бағдарламасына сәйкес ҚР заңдарын, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерін білуі тиіс. Мемлекеттік, ағылшын тілдерін білуі және компьютерде жұмыс жасай білгені құпталады. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

          Құжаттар 7 жұмыс күні ішінде, ол жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш(конкурсқа қатысу үшін өтініш нысаны қосымша тіркелді);

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiктiзiмі(конкурсқа қатысу үшін қызметтік тізімнің нысаны қосымша тіркелді);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

 Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

         3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті»» ММ-де әңгімелесуден өтеді.

Қосымша ақпарат

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары, негізінде жүргізіледі

 «Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

 

                                                                                                        __________________________

                                                                                      (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені______________________________________________________________

__________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін

және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

 

________                                            ____________________________________

  (қолы)                                              (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»     ________________________

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

 

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ

ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

 

ФОТО

(түрлі түсті/ цветное,

3х4)

  1. ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР

ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

 

_____________________________

тегi, аты, әкесiнiңаты (болғанжағдайда)/

фамилия, имя, отчество (приналичии)

 

______________________________

(лауазымы/должность, санаты/ категория

болған жағдайда/ при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

Туылғанкүніжәне жері/

Дата и место рождения

 

Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)

Оқуорнынбiтiргенжылыжәнеоныңатауы/

Год окончания и наименование учебного заведения

Мамандығыбойыншабiлiктiлiгi, ғылымидәрежесi, ғылымиатағы (болған жағдайда)/

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

Шетелтiлдерiнбiлуi/

Владение иностранными языками

Мемлекеттiкнаградалары, құрметтiатақтары(болғанжағдайда)/

Государственные награды, почетные звания(при наличии)

Дипломатиялықдәрежесi, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшенi(болған жағдайда)/

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда)/

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ / ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/

должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/ приема босатылған/ увольнения

 

________________      ______________

Кандидаттыңқолы        күні/дата

Подпись кандидата

 

 

 

 

 

 

 

Объявление внутреннего конкурса среди государственных служащих
Дата публикации
13 января 2021