Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарландыру

 Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Қазақстан Республикасы ІІМ-нің ағымдағы жылғы 26 наурыздағы №218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде(бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.

Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.

ІІМ-нің2022 жылғы 29 қыркүйектегі №773 бұйрығына сәйкес ПД бастығының номенклатурасына жататын лауазымдарды атқаратын қызметкерлержоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына үлгіге сәйкес баянат және "Құжаттамашы" жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді.

Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:

1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін(ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).

ПД номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:

- полиция департаменті облыстық аппараты – C-SVО-7 санаты;

- қалалық және аудандық полиция департаментінің бөліністері –
C-SVR-7санаты;

- Арнайы бөліністер – C-SN-7санаты;

- Саптық бөліністер – C-SSР-7санаты.

2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;

3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіледі.

Сұрақтар туындаған жағдайда БҚО ПДЖеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына хабарласуға болады,

каб. № 433, 435, анықтама телефондары 8(7112)98-41-61, 92-10-33 электрондық мекенжайларali.baimagambetov@mvd.gov.kz, m.hairullina@mvd.gov.kz

 

Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.

 

 

БҚО ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы

 

БҚО ПД бастығының орынбасары

полиция полковнигі

Қ.Е. Сағынға

 

 

Баянат

 

Мені жоғары тұрған басшылық лауазымға кандидатурамды қарау үшін жоспардан тыс аттестаттау өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын.

 

 

____________________

(лауазымы, атағы, Т. А. Ә., қолы)

Дата публикации
02 сентября 2026