
Жол апаты 15 қыркүйекте таңертең «Алматы-Өскемен» автожолының 136 шақырымында «Honda Element» автокөлігінің қатысуымен болды, ол кенеттен жолға атып шыққан ірі атпен соқтығысқан.
Шетелдік көліктің жолаушысы 44 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта полицейлер жануардың иесін анықтау бойынша қажетті шараларды жүргізуде.
Құрметті мал иелері, Сіздерден жеке малдарыңызды қатаң бақылауға алуларыңызды сұраймыз. Малдың жол маңында, әсіресе түнгі уақытта жүруіне тыйым салатын белгіленген ережелерді бұзбауға шақырамыз. Тиісті бақылаусыз қалдырылған жануарлардың кесірінен жол апаттары болуы мүмкін, өкінішке орай кейбір апаттардың соңы қайғылы жағдайға ұласып жатады.
Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметі