
14 қыркүйекте Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп мұғалімдеріне сағат 11:14-те жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.Оқиға орнына барлық шұғыл қызметтер бірден келді. Полицейлер мектеп аумағын қоршауға алды. Барлық студенттер, оқытушылар мен техникалық қызметкерлер ғимараттан қауіпсіз қашықтыққа эвакуацияланды.
Жетісу облысы ПД-нің саперлар тобы, қызметтік-іздестіру иттерімен бірге кинологтар ғимаратты және оның маңайын тексеріп шықты. Тексеру кезінде жарылғыш заттар табылмады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.
Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметі