
Талдықорған қаласында бүгінгі таңда «Автоураган ВС» АПК әкімшілік құқық бұзушылықтарды тіркеудің 179 автоматты камерасы (13 бекетте), «Интегра» КДД 27 камерасы (3 бекетте), сондай-ақ тест режимінде жұмыс істейтін «Сергек» интеллектуалды бейнебақылау жүйесінің 12 камерасы (5 бекетте) орнатылған.
Бұдан басқа, облыс аумағында «Vidar SPEED-R» АСФ 17 камерасы (7 бекетте) орнатылған, олар негізінен ҚР ЖҚЕ бұзушылықтарын анықтайды.
ТАЛДЫҚОРҒАНДА ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ:
«АВТОУРАГАН ВС» аппараттық-бағдарламалық кешені Жансүгіров-Шевченко, Назарбаев-Алдабергенов, Қонаев-Алдабергенов, Жансүгіров-Қаратал, Жансүгіров-Желтоқсан, Жастар-Қонаев, Жансүгіров-Абылайхан, Қонаев-Желтоқсан, Назарбаев-Желтоқсан, Назарбаев-Шевченко, Абылайхан-Уәлиханов, Шевченко-Гаухар ана, Назарбаев-Ескелді би көшелерінің қиылыстарында жұмыс істейді, жылдамдық шегі 60 км/сағат.
«ИНТЕГРА» жол қозғалысын бақылау камерасы: Жансүгіров-Алдабергенов, Қабанбай батыр-Ақын Сара, Қабанбай батыр-Абай көшелерінде.
«Сергек» зияткерлік бейнебақылау жүйелері: Жансүгіров-Балпық Би, Жансүгіров көшесі, Гаухар Ана–Біржан Сал көшесі бойынша жаяу жүргіншілер өткелі, Алматы мен Үштөбе бағытындағы айналма жолда.
«VIDAR SPEED-R» аппараттық-бағдарламалық кешені келесі трассаларда жұмыс істейді:
15 км Талдықорған-Үштөбе-Быжы-Мұқыры (құс фабрикасының жанында), 39-40 км Талдықорған-Үштөбе-Быжы-Мұқыры (Ескелді би кенті, жаяу жүргінші), 43 км Талдықорған-Үштөбе-Быжы-Мұқыры (Үштөбе қаласына кіре беріс),41-42 км Талдықорған-Үштөбе-Быжы-Мұқыры (көпір), 6-8 км Талдықорған-Текелі, (Шымыр кенті, жаяу жүргіншілер өткелі), Талдықорған-Текелі 10-11 км (Шымыр кенті, жаяу жүргіншілер өткелі) «Сарыөзек –Қорғас»-«Қоғалы –Көксу – Қарабұлақ» 117 км (Жалғызағаш ауылы жағынан Абай ауылының кіре берісі).
Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметі