
Алматы облысының екі бөлек аумаққа бөлуіне байланысты, Жетісу облысы Полиция департаментінің жанындағы Консультативтік-кеңесші органының құрылатындығын хабарлаймыз. Бұл органның басты мақсаты - облыс тұрғындарының ішкі істер органдарына сенімін арттыру және полицияны халыққа жақындату болып табылады.
Егер, Сіз өңірдің қоғамдық өміріне белсене қатысып, құқық қорғау жүйесін жетілдіруге үлес қосқыңыз келсе, Жетісу облысы Полиция департаментінің жанындағы Консультативтік-кеңесші органының мүшесі болуға шақырамыз.
Аталған органның мүшесі ретінде қабылдануыңыз үшін, Сізге еркін нысандағы өтінішті, өз өмірбаяныңыз бен резюмеңізді ағымдағы жылдың 4 қарашасына дейін «pd.7su@mail.ru» электрондық поштасына жолдауыңызды сұраймын.
Құрметпен, Жетісу облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов