Ескелді ауданының полиция қызметкерлері 49 жастағы ер адамды анықтап, жеткізді. Ол «Mercy» маркалы шоколадтың төрт қорабын ұрлады деген күдікке ілінді.
Оқиға Жаңа жыл мерекесіне дейін, Ескелді ауданына қарасты Бақтыбай ауылындағы дүкендердің бірінде болған. Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті күндізгі уақытта ауылға ескі танысын іздеп келген, алайда кездесу жүзеге аспаған. Қалаға — Талдықорғанға қайтар алдында ол ауылдық дүкенге кірген.
Дүкен ішінде сатып алушылар көп болған сәтті пайдаланған ер адам жоғарғы сөреде тұрған шоколадтарға назар аударып, айналасындағыларға білдіртпей төрт қорап «Mercy» шоколадын жасырын ұрлап, дүкеннен шығып кеткен.
Күдікті анықталып, жауап алынды. Ол өз кінәсін мойындап отыр.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу әрекеттері жалғасуда. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ұрлық жасағаны үшін мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, немесе 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу, сондай-ақ 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген (мүлкін тәркілеумен немесе тәркілеусіз).
Полиция ескертеді: көзге ұсақ болып көрінген құқық бұзушылықтың өзі ауыр құқықтық салдарға әкелуі мүмкін.
#законипорядок #заңментәртіп #шоколад