ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

ҰЛ-ҚЫЗДАРҒА ДҰРЫС ТӘРБИЕ БЕРГЕНІҢІЗ ҮШІН АЛҒЫС АЙТАМЫЗ

Жетісу облысы ПБ бастығы полиция генерал-майоры Атығай Арыстанов Отан алдындағы қызметтік борышын абыроймен атқарып жүрген жас қызметкерлердің ата-аналарына ұрпақтарына лайықты тәрбие бергені үшін алғысын білдірді. Талдықорған қаласының Мәдениет сарайында Республика күнін мерекелеу қарсаңында 11 полиция қызметкерлерінің  ата-аналарына құрмет көрсетіліп, салтанатты жиында оларға алғыс хаттар табыс етілді. Олардың ішінде патрульдік полиция инспекторы Елдос Серікұлының анасы Шынар Жылқыбаева, Текелі қаласының тергеушісі Бека Инкарбековтың анасы Лаура Сартбаева, Ақсу аудандық полициясының криминалисті Әли Талғатпекті тәрбиелеген Қайрат Оражанов және тағы басқалары бар.

«Ұлдар мен қыздарды лайықты тәрбиелегеніңіз үшін рахмет. Сіз олармен мақтана аласыз, өйткені олар өздерінің кәсіби міндеттерін абыроймен орындауда. Олардың әрқайсысы қызметке кірісіп, елдегі құқықтық тәртіпті сақтауға және нығайтуға елеулі үлес қосуда. Балаларыңыздың қызметтерін абыроймен жалғастырып, мансаптық өсу мен биік белестерден көрінуіне тілектеспін», - деп атап өтті генерал Атығай Арыстанов.

Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметі

 

 

 

Дата публикации
25 октября 2022
Дата обновления
07 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
10 октября 2023
ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛДЫРМАҢЫЗ!
07 октября 2023
ЖЕТІСУ АВТОЖОЛДАРЫНДА 20-дан АСТАМ МОПЕД ЖӘНЕ ЭЛЕКТРЛІ САМОКАТТАРДЫҢ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ ЗАРДАП ШЕКТІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы