Ағымдағы жылдың 10 қарашасында Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Жаңашылдықтардың бірі — жолдарда жұмыстар жүргізу, ірі көлемді немесе қауіпті жүктерді тасымалдау, сондай-ақ велосипедшілер топтарын алып жүру кезінде көлік құралдарында қызғылт сары немесе сары түсті жылдам алынатын (магнитті) жарқылдауық маяктарды арнайы рұқсатсыз қолдануға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар бұл талап балаларды тасымалдайтын автобустарға да қолданылады.
Осыған байланысты, көру мүмкіндігі төмендеген ауа райында (боран, тұман, қар, жаңбыр) жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жоғарыда аталған санаттағы көлік құралдарын қызғылт сары түсті жарқылдауық маяктармен жабдықтауды сұраймыз.
#законипорядок #заңментәртіп