«Бәріне үлгеру» деген ұмтылыспен біз кейде қарапайым қауіпсіздік ережелеріне мән бермей, өз өмірімізге қауіп төндіретінімізді байқамаймыз. Мүмкін асығыстықтан ба, әлде жалқаулықтан ба, адамдар көбінесе жолды тек белгіленген жерлерде өту керек деген қарапайым ережені сақтауды елемейді.
Көп азаматтар кейде көлік дөңгелектерінің астына түсіп қалу қаупі бар болса да, жолды тездетіп өтуге тырысып, бағдаршамға дейін бірнеше метр жаяу жүрудің не қажеті бар деп ойлайды.
Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерден жолдарда абай болуларыңызды сұраймыз. Өмірлеріңізге қауіп төндірмеңіздер. Бағдаршамға немесе жаяу жүргіншілерге арналған «зебраға» дейін барған дұрыс. Жолды кесіп өткенде мұқият болыңыз, жолды толығымен өткенге дейін гаджеттеріңізге назар аудармаңыз. Жол ережелерін қатаң сақтаңыздар, демек өздеріңізге ғана емес, сонымен қатар заң алдында үлкен жауапкершілікке тартылуы мүмкін жүргізушіге де қауіп төндіретіндеріңізді ұмытпаңыздар. Күнделікті өз уақыттарыңызды бөліп, балаларыңызға жол қозғалысы ережелерін түсіндірулеріңізді сұраймын. Балаларыңызға жағымды үлгі көрсетуді ұмытпаңыздар. Естеріңізде болсын, балалар бізден, ересектерден, үлгі алады.
Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметі