Автоконструкторлар бойынша заңдастырудың іс-әрекет алгоритмі

ҚҰРМЕТТІ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Қазақстанда ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес автомобиль-конструкторларды заңдастыруға рұқсат етілді.

Автоконструкторлар бойынша заңдастыру биылғы жылдың 22 мамырынан басталады.

ІС-ӘРЕКЕТ АЛГОРИТМІ

1-қадам:
Онлайн өтінім беру және оны электрондық тіркеу (авто конструкторлардың барлық иелеріне автоматты түрде бас тарту және АвтоХҚКО-да ПО қызметкеріне қолда бар құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жіберілетін болады).

2-қадам:
ПО қызметкері қол режимінде көлік құралдары құжаттарының
дұрыстығын тексереді және көлік құралының «автоконструктор»
критерийлеріне сәйкес келген жағдайда т/с электрондық мақұлдау парағына енгізіледі.

3-қадам:
Өтініш беруші қайтадан онлайн өтінім береді және электрондық мақұлдау парағы бойынша алдын ала тексеруден өтеді және сарапшы-криминалист салыстыру үшін т/с ұсынумен қарау пунктіне жіберіледі.

4-қадам:
Салыстырып тексеруден сәтті өткеннен кейін өтініш беруші АвтоХҚКО-ға барлық қажетті құжаттарды, оның ішінде диагностикалық картаны ұсынады және 200 000 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж және алым төлейді.

Естеріңізге сала кетейік, заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Жетісу облысы ПД ӘПБ

Дата публикации
22 мая 2023