2022 ж. желтоқсан айының басында Жетісу облысы Полиция департаментінің жанындағы Консультативтік-кеңесші орган (ККО) құрылып, оның мүшелері келесі құрамда бекітілді:
Төрағасы – Ішкі істер органдарының ардагері, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Талдықорған өңірлік филиалының Қауіпсіздік қызметі бөлімінің бастығы Өмірбек Қалиұлы ІЗБАСАРОВ.
Мүшелері:
1. Ішкі істер органдарының ардагері, Талдықорған қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының директоры Ерлан Қанатайұлы САНСЫЗБАЕВ;
2. Талдықорған қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі, «LIDER.KZ» еріктілер қозғалысының жетекшісі Матвей Викторович ШВЕДИН;
3. Талдықорған қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Жолаушылар тасымалын басқару орталығы» ЖШС директоры Данияр Ерқосайұлы ҚАНАЕВ;
4. «І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕАҚ Әлеуметтік-шығармашылық жұмыс бөлімінің бастығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Бархудар Шахгусенович ГУСЕНОВ;
5. облыстық мәслихат депутаты, Талдықорған өңірлік әйелдерді қолдау орталығының басшысы Жанар Болатқызы НҰРМҰХАНОВА;
6. Жетісу облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Қоғамдық келісім» КММ директоры, қоғам қайраткері Руфина Қасымқызы УСАНОВА;
7. Талдықорған қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ облыстық филиалының төрағасы, Жетісу облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Лариса Леонидовна КОТЕЛЬНИКОВА;
8. Талдықорған қаласының «Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Мүгедектерге арналған облыстық мамандандырылған спорт мектебі» КММ аға тренері, «Баракат – қайырылымдылыққа жол» ҚБ мүшесі, ерікті, қоғам қайраткері Джульетта Молдакерімқызы СӘРСЕНБАЕВА.
Консультативтік-кеңесші орган облыс жұртшылығы мен полициясының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, сонымен қатар, оның қызметіндегі жариялылық пен ашықтық қағидатын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында құрылғанын қосымша ақпарат ретінде хабарлаймыз.
Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметі