2023 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша Жетісу облысы Полиция департаментінің бос лауазымдар тізімі (1 кезең)

Жетісу облысы Полиция департаменті "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағына және "Ішкі істер органдарына түсетін үміткерлер үшін бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және оны өту шарттарын, сондай-ақ оларды бастапқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 211 бұйрығына сәйкес бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу жүргізеді.

Ішкі істер органының атауы: Жетісу облысы Полиция департаменті мемлекеттік мекемесі, орналасқан жерінің мекенжайы және конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау үшін пошталық мекенжайы: 040000, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 91/95 үй, кадр қызметінің байланыс телефондары: (7282) 60-88-36, 60-82-82, 60-82-52, 60-70-58, негізгі талаптар: Қазақстан Республикасы азаматтарының Ішкі істер органдарына қызметке орналасуға құқығы бар, Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келетін, жасы 18-ден кем емес, денсаулығы жақсы және дене дайындығы 170 см-ден төмен емес, тұрғылықты жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі қалалық, аудандық бөлімдерде есепте тұрған және саптық қызметке жарамды деп танылған, қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарына 35 жасқа дейінгі, мерзімді әскери қызмет өткерген, орта білімнен төмен емес білімі бар адамдар қабылданады. Орта басшы құрам лауазымдарына жасы 35-тен аспаған (шекті жасқа жеткен кезде ІІМ желісі бойынша оларда зейнетақы құқығы туындаған жағдайда) жоғары білімі бар (құқықтық, Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, педагогика және психология т.б.) адамдар қабылданады, сонымен қатар спорттық, жауынгерлік күрес түрлері және атыс бойынша біліктілік разрядтары бар адамдарға: спорт шеберіне, спорт шеберіне кандидаттарға ерекше көңіл бөлінеді.

Құжаттарды қабылдау бос лауазымдар тізімдері жарияланған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Ішкі істер огандарына қызметке кірген және бастапқы кәсіптік даярлықты аяқтаған азаматтар Ішкі істер органдарында одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан не ІІМ білім беру ұйымынан үлгермеуіне немесе тәртіпті бұзуына байланысты және өз қалауы бойынша оқудан шығарылған, сондай-ақ үш жыл ішінде қызметтен босатылған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оған жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.

Дата публикации
09 марта 2023