GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Қызметі
Департамент туралы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
Әкімшілік полиция
Жергілікті полиция қызметі
21 октября 2026
Жалған нөмір тағып, полициядан қашқан жүргізуші куәлігінен айырылды

Жалған нөмір тағып, полициядан қашқан жүргізуші куәлігінен айырылды

Жедел басқару орталығының қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жалған Range Rover автокөлігін анықтады.

Көлікті тоқтатуға әрекет жасаған кезде Тараз қаласының 38 жастағы тұрғыны патрульдік полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, жол қозғалысы ережелерін бұза отырып, қашуға тырысқан.

Кейін жүргізуші сот отырысына бірнеше рет келмеген. Мәжбүрлеп жеткізілгеннен кейін сот алдында жауап беріп, сот шешімімен әкімшілік қамаққа алынып, көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Полиция ескертеді: полиция қызметкерлерінен қашу және жауапкершіліктен жалтару әрекеттері жазасыз қалмайды. Құқық бұзушылар анықталып, заң аясында жауапкершілікке тартылады.

Әкімшілік полиция
Жергілікті полиция қызметі
20 октября 2026
Жамбыл облысында көлік терезесін заңсыз күңгірттеген жүргізуші жауапқа тартылды

Жамбыл облысында көлік терезесін заңсыз күңгірттеген жүргізуші жауапқа тартылды

🚔 Жамбыл облысында полиция қызметкерлері көлік құралдарының техникалық жай-күйіне қатысты талаптардың сақталуын бақылауды жалғастыруда.

📍Аумақты патрульдеу барысында Төле би көшесінде полиция қызметкерлері «Toyota Camry» автокөлігін тоқтатып, оның алдыңғы терезелерінің жарық өткізгіштігі талапқа сай келмейтінін анықтады.

Тексеру барысында көлік құралын пайдалануға тыйым салынғаннан кейін оның белгіленген тәртіппен қайта тіркелмегені де анықталды.

👮‍♂️ Заң талаптарына сәйкес жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көліктің терезелеріндегі заңсыз күңгірттеу жабындысы алынып тасталды.

Жалпы жыл басынан бері көлік құралдарының әйнектерін заңсыз күңгірттегені үшін 14 056 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

⚠️ Полиция жүргізушілерді көлік құралдарына өзгеріс енгізу кезінде белгіленген талаптарды қатаң сақтауға шақырады.

Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік.
#ЗаңМенТәртіп #ЖолҚауіпсіздігі

Жергілікті полиция қызметі
19 октября 2026
Патрульдік полицейлер көлге батып бара жатқан 16 жастағы жасөспірімді құтқарды

Патрульдік полицейлер көлге батып бара жатқан 16 жастағы жасөспірімді құтқарды

«102» арнасына қала тұрғынынан көлге жасөспірімнің батып бара жатқаны және оған шұғыл көмек қажет екені туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипажы жіберілді. Оқиға орнына жеткен полицейлер жасөспірімнің балық аулау кезінде абайсызда көлге құлап кеткенін анықтады. Суға түскен ол тасқа ілініп қалып, өздігінен жағаға шыға алмаған.

Бір сәт те ойланбастан, патрульдік полиция қызметкерлері — полиция аға лейтенанты Маханбет Шаянбаев пен полиция лейтенанты Қасымхан Қалаубек суға секіріп, жасөспірімді құтқарып қалды.

Құтқарылған жасөспірім облыс орталығының 16 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған алғашқы көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Қуанышқа орай, қазіргі уақытта оның жағдайы жақсы.

Жасөспірімнің ата-анасы полиция қызметкерлеріне жедел әрекеті, батылдығы және ұлын аман алып қалғаны үшін шынайы алғыстарын білдірді.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
16 октября 2026
Жамбыл облысында жастар полициямен бірге есірткіге қарсы спорттық эстафета өткізді

Жамбыл облысында жастар полициямен бірге есірткіге қарсы спорттық эстафета өткізді

Жамбыл облысы Сарысу ауданының Саудакент ауылында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Есірткісіз болашақ» ұранымен спорттық эстафета ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіге қарсы көзқарас қалыптастыру және спортқа деген қызығушылықты арттыру.

Тартысты эстафета барысында қатысушылар ептілік, төзімділік пен командалық бірліктерін көрсетті. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ПД алғыс хаттары, медальдер және сертификаттар табысталды. Сондай-ақ қатысушыларға «Есірткісіз болашақ» жазуы бар футболкалар мен бейсболкалар берілді.

Іс-шараны Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Сарысу ауданының ішкі саясат бөлімі және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу кеңесінің құрамындағы «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
14 октября 2026
Таразда полицейлер 300 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіледі

Таразда полицейлер 300 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіледі

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы әйелді ұстады.

Жеке тінту барысында оның сөмкесі мен киімінің қалтасынан ұнтақ тәрізді зат салынған 148 орама табылды. Ал жалдамалы пәтерді тінту кезінде осыған ұқсас зат салынған тағы 98 орама мен бір пакет тәркіленді. Сонымен қатар электронды таразылар, zip-пакеттер және оқшаулағыш таспа анықталды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген альфа-PVP психотроптық затының жалпы салмағы 304,55 грамды құрады. Бұл аса ірі мөлшерге жатады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті интернет арқылы белгісіз адаммен байланысқа шығып, одан заңсыз табыс табу туралы ұсыныс алған. Мессенджер арқылы берілген нұсқауларға сәйкес, ол психотроптық заттарды бөліп орап, Алматы және Тараз қалаларында таратуға қатысқан деген күдікке ілінді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция ескертеді: есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Жергілікті полиция қызметі
14 октября 2026
Жамбыл облысында қылмыс деңгейі 16,7%-ға төмендеді

Жамбыл облысында қылмыс деңгейі 16,7%-ға төмендеді

Жамбыл облысында Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайсар Сұлтанбаевтың төрағалығымен 2026 жылдың тоғыз айындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы бойынша кеңес өтті.

Есептік кезеңде өңірде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтың саны 16,7%-ға азайған. Жалпы қылмыстың ашылу көрсеткіші 70,6%-ға дейін өсті. Ауыр және аса ауыр қылмыстар санының азайғаны байқалады.

ПД бастығы құқық бұзушылықтардың алдын алуды, интернет-алаяқтыққа, есірткі қылмысына және ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының іргетасы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекциядан басталатынын атап өтті. Жастар арасындағы топтық қылмыстардың алдын алуға, тыйым салынған суық қаруларды алып жүрудің жолын кесу бағытындағы жұмыстарды қарқынды жалғастыруға ерекше назар аударды.

— Біздің басты міндетіміз — қылмысты ашумен ғана шектелмей, оның алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, халықтың полицияға деген сенімін арттыру. Жалпы динамика жаман емес, бірақ бұл бізді босаңсытпауы тиіс.
Атқаратын жұмыс көп. Бастысы, жүктелген міндеттерді сапалы орындау қажет, - деді Қайсар Сұлтанбаев.

«Таза Қазақстан» бастамасын іске асыру аясында қоқысты заңсыз тастаудың, абаттандыру ережелерін бұзу мен вандализмнің жолын кесу, сондай-ақ есірткі жарнамаларын анықтау және жою бойынша жұмысты күшейту тапсырылды.

Сонымен қатар, тергеу бағытына бөлек тоқталған ПД бастығы арызданушылармен және жәбірленушілермен үнемі тығыз байланыста болу өте маңызды екенін баса айтты.

ПД бастығы аудандардағы басшылардың қызмет көрсететін аумақтардағы жедел жағдай мен жеке құрамның тәртібі үшін жеке жауапкершілігін айтты.

Он күн мерзімде белгіленген бағыттар бойынша нақты іс-шараларды бекіту және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Уақтылы қабылданған шаралардың арқасында орын алуы мүмкін қылмыстар мен қайғылы оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік туды. Тәркіленген әрбір тыйым салынған зат – біреудің өмірін аман алып қалуға ықпал етуі мүмкін. Бір ғана пышақ немесе кастет біреудің қолында орны толмас қайғыға себеп болуы ықтимал.

Біздің мақсатымыз – қайғылы жағдайдың орын алуын күту емес, оның алдын алу және болдырмау. Азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету – біздің басты басымдығымыз болып қала береді.

Жедел кеңес соңында департамент бастығы 9 айдың қорытындысымен қылмысты ашу бойынша ең жоғары көрсеткіштерге жетіп, «Үздік аудандық полиция бөлімі» марапатын жеңіп алған Талас АПБ жеке құрамына алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлығын табыстады. Бұл өз кезегінде қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасын арттыруға мүмкіндік бермек.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
09 октября 2026
Таразда кезекті есірткі жасырушы ұсталды

Таразда кезекті есірткі жасырушы ұсталды

Таразда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша бөліністерінің қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтады және таратты деген күдікпен ер адамды ұстады.

Күдіктіні жеке тінту барысында ақ түсті ұнтақ зат салынған бірнеше бума, сондай-ақ өзіне тән иісі бар сарғылт ақ түсті зат салынған түйіншектер табылып, тәркіленді.

Іргелес аумақты тексеру кезінде полиция қызметкерлері бұған дейін жасырылған түйіншектер салынған жасырын орындарды (тайниктерді) анықтады.

Сонымен қатар, күдіктінің тұрғылықты жерін тексеру барысында әртүрлі пакеттерге өлшеп салынған, таратуға дайын есірткі заттары бар бумалар табылды.

Ұсталған азаматтың ұялы телефонынан есірткі жасырылуы мүмкін орындардың фотосуреттері табылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. 
Полицейлер есірткі заттарының заңсыз айналымына және оларды жеткізуге қатысы бар болуы мүмкін арналарды анықтауда.

Көші-қон қызметі
08 октября 2026
«Заңсыз келуші-2026»: Жамбыл облысында 88 шетел азаматы Қазақстаннан 5 жылға шығарылдыет

«Заңсыз келуші-2026»: Жамбыл облысында 88 шетел азаматы Қазақстаннан 5 жылға шығарылды

Жамбыл облысында жүргізіліп жатқан «Заңсыз келуші-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері екі күнде 254 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. 

Көші-қон заңы талаптарын бұзған 88 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан 5 жыл мерзімге әкімшілік жолмен шығарылды.

Сонымен қатар, жедел іс-шара кезінде халықаралық іздеуде жүрген 5 шетел азаматы анықталды. 

Шетел азаматтарының ел аумағында болу тәртібін бұзуына жол берген 57 Қазақстан азаматы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы қолданылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу заңдылығын тексеру, көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Ескерту: «Заңсыз келуші-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы 10 қазанға дейін жалғасады.

Жергілікті полиция қызметі
07 октября 2026
Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлікті 16 жасқа толған кезде алғаш рет рәсімдейді.

Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлікті 16 жасқа толған кезде алғаш рет рәсімдейді. Құжаттарды 16 жасқа толғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде ХҚКО-ға тапсыру қажет. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке куәлікті алғаш рет алғаны үшін мемлекеттік баж алынбайды.

Белгіленген мерзім бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған: бір айға дейін кешіктірсе – ескерту, ал бір айдан асса – 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Ал паспортты азаматтың жасына қарамастан, тіпті бала туғаннан бастап рәсімдеуге болады. Балалар паспортының құны – 4 АЕК, яғни 17 300 теңге. Құжаттарды рәсімдеу кезінде баланың өзі қатысуы міндетті

Жергілікті полиция қызметі
06 октября 2026
Вандализм: Жамбыл облысында 82 құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Вандализм: Жамбыл облысында 82 құқық бұзушылықтың жолы кесілді

🔨Қоғамдық мүлікті бүлдіру, қабырғаларға заңсыз жазба жазу, ескерткіштер мен абаттандыру нысандарына зиян келтіру – жай ғана тәртіпсіздік емес, заңмен жауапкершілік көзделген әрекет.

📌Жамбыл облысында жыл басынан бері вандализмге қатысты 82 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

📍Мұндай фактілер бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Вандализм үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Оның ішінде заң талаптарына сәйкес жауапкершілік 14 жастан басталады.

🔉Полиция қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтауға және ортақ мүлікке ұқыпты қарауға шақырады.

🌿Таза әрі көрікті орта – баршаға ортақ. Оны сақтау – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы