ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

13 бас жылқыны қолды еткен күдікті ұсталды

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі А.Оразалиевтің атына Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің ұрланған жылқыларын табуда көрсеткен жедел әрі кәсіби әрекеттеріне ризалығын білдіргені туралы алғыс хатын жолдады, -деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың соңында аталған ауданға қарасты Құлан аулының «Шөңгер» тау бөктерінің жайылымынан 58 жастағы тұрғынның жеке шаруақожалығына тиесілі 13 бас жылқы малы ұрланғаны туралы аудандық полиция бөліміне шағым түскен болатын. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 2020 жылдың 21 қаңтарында қылмысқа қатысы бар  Т.Рысқұлов ауданының 44 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Күдікті кінәсін толық мойындап, аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Ұрланған жылқылар иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Дата публикации
03 февраля 2020
Дата обновления
03 февраля 2020
Тип
Азаматтардың өтініштеріне шолу

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
26 апреля 2023
Қазақстан бойынша көші-қон дайджесті
Пайдалы ақпарат
01 сентября 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2020 жылғы 1 қыркүйек

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы