Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысы Полиция департаменті, 080000, Тараз қ., Желтоқсан көшесі 80, анықтама телефондары: 8-(7262) 99-70-80, факс: 45-77-67, жариялайды:
2025 жылдың 23 және 26 қыркүйекте сағат 16.00-де Полиция департаменті ғимаратының кіші залында атестаттау комиссиясының отырысы болады. Атестаттауға 70 қызметкер жатады. Атестаттау комиссиясы жұмысының шынайылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін 3 қадағалаушыдан артық қатыспайды (Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихатының депутаттары, қоғамдық бірлестік өкілдері). Атестаттау комиссиясының жұмысына қадағалаушы тұлға ретінде бұрын құқық қорғау органдары басшыларының бағынысында, сәйкес атестаттау комиссиясы құрылған құқық қорғау органын немесе құқық қорғау органы мемлекеттік мекемесін қалыптастыруды ұйымдастыруда болған тұлғалар тартылмайды.
Қадағалаушы ретінде атестаттау комиссиясының отырысына қатысу үшін бекітілген үлгідегі жазбаша өтінішпен, жеке куәлігінің, сондай-ақ қоғамдық бірлестікке жататынын растайтын құжаттардың көшірмелерін қосумен жүгіну қажет.
Үлгі
Жамбыл облысы ПД
атестаттау комиссиясының
төрағасы
полиция полковнигі
Б.Жанаевқа
Қадағалаушы ретінде қатысуға өтініш
Сізден 2025 жылдың 23 және 26 қыркүйектегі сағат 16.00-де болатын Жамбыл облысы ПД атестаттау комиссиясының отырысына қадағалаушы ретінде қатысу үшін рұқсат беруіңізді сұраймын.
ТАӘ, лауазымы, қолы
Байланыс көрсеткіштері:
Телефон: ___________
Е-mail: ___________
Мекенжайы:__________