Ағымдағы жылы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыс нәтижелері халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 32 жұмыс кездесуі, "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" Заңды іске асыру шеңберінде 2024 жылғы қаңтардан бастап азаматтарды міндетті дактилоскопиялық тіркеуді енгізу бөлігінде, Қазақстан Республикасының уақытша тіркеуді жою жөніндегі заңнамасын өзгерту, сондай-ақ ҚР ІІМ 31.05.2016 жылғы № 583 "Жеке басын куәландыратын құжаттарды (куәліктен басқа) дайындау үшін формулярды ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, беру, жұмсау, жою нысаны мен қағидаларын бекіту туралы " бұйрықты зерделеу бөлігінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
"Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы" Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығының талаптарына сәйкес ПД комиссиясы белгіленген тәртіппен есепті мәліметтерді қалыптастырады және жібереді.
2024 жылдың 4 айында барлығы-174098 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- қағаз нысанда - мемлекеттік қызметтер (оның ішінде мемлекеттік органда көрсетілгендердің 3531 немесе 2,1% - азаматтар мемлекеттік корпорацияда баламалы негізде алды);
-көрсетілетін қызметті берушілер қағаз нысанда көрсеткен, бірақ "электрондық үкіметтің" веб-порталы және (немесе) "Азаматтарға арналған үкіметтің" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуі мүмкін 1254 мемлекеттік қызмет;
– көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде-6700;
- Мемлекеттік корпорация арқылы-119480 (оның ішінде ХҚКО -84377, Арнайы ХҚКО – 35103);
- веб-портал арқылы электронды түрде-43133.
Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін, оның ішінде оларға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолайлы жағдайлар жасау бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.
Бұл бағыттағы жұмыстар ПД басшылығының ерекше бақылауында және алдағы уақытта да жалғасатын болады.