2020 жылы ішкі істер органдары сотқа дейінгі тергеу шеңберінде діни араздықты қоздырумен, сондай-ақ діни экстремизм идеологиясын насихаттаумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар
1 фактіні тексерді.
Тергеу нәтижесінде сотқа 1 қылмыстық іс жолданды, 1 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Сонымен бірге қысқартылған қылмыстық істердің жекелеген фактілері бойынша адамдар тыйым салынған материалдарды сақтағаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы 2020 жылы 17 адам сот тыйым салған экстремистік сипаттағы материалдарды еліміздің аумағына заңсыз әкелгені, сақтағаны үшін (қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаған кезде) ӘҚБтК-нің көрсетілген бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға сомасы 2 млн. 225 мың теңгеден астам айыппұл салынды.
Нәтижесінде экстремистік сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылық, сондай-ақ тыйым салынған материалдарды әкелу және сақтау фактілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдардан шамамен 30 бірлік баспа өнімі мен электронды ақпарат тасымалдағыш алынды.
2020 жылы тергелген қылмыстық істердің нәтижесі бойынша ақпараттық материалдардың (кітаптар, кітапшалар, аудио және бейне жазбалар, мәтіндік материалдар) 2 әртүрлі атауын экстремистік және террористік деп тану және Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, оның ішінде электронды бұқаралық ақпарат құралдарында басып шығаруға және таратуға тыйым салу туралы 2 сот шешімі шығарылды.
Барлық жоғарыда көрсетілген сот шешімдері тыйым салынған ақпараттық материалдарды анықтау және оларды одан әрі Қазақстан Республикасының аумағында тарату фактілерінің жолын кесу бойынша шаралар қабылдау үшін аумақтық Полиция департаменттеріне жолданды.
Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп тұрақты негізде террористік сипаттағы көрінеу жалған анонимді хабарламалармен байланысты құқық бұзушылықтар профилактикасы және оларды ашу бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізеді.
Қабылданған шаралар барысында соңғы он жылда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама берумен байланысты қылмыстардың
(48%-ға) едәуір төмендеуіне қол жеткізілді (2018 жылы – 4; 2019 жылы – 2; 2020 жылы – 2).
Көбінесе осы қылмыстар (ұялы, қалалақы) телефон байланысын пайдалана отырып, ІІО-ның жедел басқару орталықтарына немесе
102 телефоны арқылы полицияның кезекші бөлімдеріне, 112 бірыңғай диспетчерлік қызметке, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдар мен коммуналды қызметтердің диспетчерлік және кезекші қызметтеріне анонимді қоңырау шалу арқылы жасалады.
Осы санаттағы әрбір қылмыстық іс бойынша кінәлі адамдарды анықтау үшін жан-жақты және толық тергеуді қамтамасыз етуге шаралар қабылданады.
Бүгінгі таңда ішкі істер органдары ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп көрінеу жалған хабарламаларды «ізін суытпай» ашу бойынша жеткілікті тәжірибе жинады. Практикада «дәстүрлі байланыс құралдарын» (телефон қоңырауларын) пайдалана отырып жасалған мұндай қылмыстардың 90% астамы кезекші тәулікте ашылады. Оған көбінесе абонент нөмірін автоматты түрде айқындаудың техникалық құралдары, телефонмен сөйлесуді жазып алу, сондай-ақ ұялы байланыс абоненті орналасқан жерін анықтаудың қазіргі заманғы құралдары ықпал етеді.
Ішкі істер министрлігі құзыреті шеңберінде терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі істер органдарының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізеді және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Заңнаманы жетілдіру бағыттарының бірі террористік тұрғыдан осал объектілердің (бұдан әрі – ТТО объектілері) терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру және бақылау саласы болып табылады.
Меншік құқық қодану практикасын және халықаралық тәжірибені ескере отырып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үйлестіруімен 2020 жылғы мамырда ТТО объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы саласын нормативтік реттеуді жетілдіруге бағытталған заңнамалық түзетулер іске асырылды. Заңнамаға түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң (2020 жылғы 13 мамырда қабылданды) шеңберінде енгізілді.
Өзгерістер мен толықтырулар ТТО объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуына салалық жолды енгізуге бағытталған. Бұл әртүрлі объектілер санатының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды нақтылауға, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға және бақылаудың профилатикалық рөлін арттыруға мүмкіндік береді.
Жаңа түзетулердің маңызды элементі мемлекеттік органдардың құзыретін нықтылау болып табылады.
Осылайша салалық жол шеңберінде орталық мемлекеттік органдарға ведомстволық объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша функциялар жүктелген.
Сондай-ақ министрліктер саланың ерекшеліктерін ескере отырып меншік қауіпсіздік нұсқаулықтарын әзірлеуге міндетті.
Бұл ведомстволарға бюджетте мемлекеттік объектілердің, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз етудің, энергетика және өнеркәсіптің аса маңызды объектілерінің қорғалу деңгейін арттыруға арналған қажетті нысаналы қаржы қаражаттарын жоспарлауға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде ішкі істер органдары терроризмге қарсы қорғалудың талаптарына сәйкес тиісті саланың ТТО объектілерін тексеруді жүзеге асыратын болады.
Одан басқа Заң нормалары ТТО объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйін тексеруді Кәсіпкерлік кодекске сәйкес өткізу тәртібін нақтылау арқылы оның айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бүгінгі таңда облыс бойынша тізімге мыңнан астам ТТО объектісі қосылған. Мораторий енгізілуіне байланысты 2020-2022 жылдарға кіші бизнеске жататын шамамен 330 объект тексеруден босатылды.
2020 жылы ішкі істер органдары 810 астам маңызды және аса маңызды тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін терроризмге қарсы қорғалу талаптарына сәйкес келу мәніне тексерді, олардың 798 немесе 100 % терроризмге қарсы қорғалудың белгіленген талаптарына сәйкес келді.
Тексеру нәтижелері бойынша 12 объектіде заң бұзушылықтар анықталды және оларды жою туралы ұйғарым шығарылды.
ТТО объектілерінің 12 басшысы жауапкершілікке тартылды, сомасы
1 млн. 776 теңгеден астам айыппұл салынды.
Сонымен қатар жалпы ТТО объектілерінің қорғалуы жай-күйінің жыл сайын жақсаруы байқалады. Осылайша 2016 жылмен салыстырғанда мұндай объектілердің үлесі 55%-ға артты (2016 жылы – 23%, 2017 жылы – 40%, 2018 жылы – 70%, 2019 жылы – 85%).