Жамбыл облыстық қан орталығының басшысы Гүлам Омаров Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының басқарма төрайымы Сәния Әбдірахманованың атынан Жамбыл облысының ПД бастығы Жанат Сүлейменовке алғыс хат табыс етті, -деп хабарлайды Polisia.kz.
Алғыс хатта Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының басшылығы Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшылығы мен барлықжеке құрамына күрделі эпидемиологиялық жағдай кезіндегі жоғарғы жауапкершілігі , мейірімділігі үшін үлкен алғыс білдіреді. Гулам Умаров жамбылдық полицейлердің арасында құрметті донорлар бар екенін, олар үшін қан тапсыру игі дәстүрге және абыройлы іске айналғанын баса айтты. Полиция қызметкерлері өңірдің медициналық ұйымдарының қан базасын толықтыра отырып, қан тапсыру бойынша барлық іс-шараларға қатысуда. Жамбыл облыстық қан орталығының алғыс хаты Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Темірбек Оразымбетовке де табыс етілді.
"Жол-көлік оқиғалары, жазатайым оқиғалар салдары, сондай-ақ жедел операциялар жасалғанда ондаған адамға қан құю қажеттілігі туындайды, ал осы кезде полиция қызметкерлері қиын жағдайға тап болған кез келген адамға көмектесуге әрқашан дайын. Сіздер азаматтардың тыныштығын қорғап қана қоймай, олардың өмірін сақтап, өмір сүруге мүмкіндік бересіздер", – деп түйіндеді сөзін Гулам Умаров. Өз кезегінде Жанат Қуанышұлы Гүлам Мұхтарұлына алғысын білдіріп, полицейлер бұдан әрі де белсенді азаматтық ұстаным танытып, әлеуметтік жауапкершілік сезімін тәрбиелейтінін атап өтті.