Тараз қаласының тұрғыны полицейлерге алғысын білдірді

Полиция департаментіне Тараз қаласының тұрғыны   хабарласып,  алаяқтық әрекеттер салдарынан  қызының ұялы телефонын иемденген күдіктіні жедел ұстағаны үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Полицияға 19 жастағы қыз  жүгініп, облыс орталығындағы кинотеатрлардың бірінде  бейтаныс  жігіт  шұғыл қоңырау шалу қажет екендігін айтып  өтінген соң телефонын уақытша бергенін айтқан. Алайда, ол  иемденбек ниетпен өзімен бірге  бағасы 70 000 теңге тұратын "Ѕамѕипд Galaxy А10" смартфонын алып,  қашып кеткен.

Тараз қ. ПБ 1-ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен  кезекші тәулікте" ізін суытпай " Тұрар Рысқұлов ауданы  ауылының 19 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды, ол өз кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдеме  (ұялы телефон) тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған  дерекке қатысты  ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі "Алаяқтық"бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары басталды.

Дата публикации
12 января 2021