Өскемен қаласында полиция қызметкерлері және қоғам белсенділері Жолдаудың негізгі ережелерін талқылады.

Өскемен қаласында полиция қызметкерлері және қоғам белсенділері Жолдаудың негізгі ережелерін талқылады.

ШҚО Полиция департаментінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тезистерін талқылады.
«Дөңгелек үстел» аясында диалог алаңында қоғам қайраткерлері және үкіметтік емес ұйым өкілдері кездесті.
ШҚО ПД бастығының орынбасары Ренат Унарбеков Жолдауда айтылған тапсырмаларды іске асыру барысында полиция қызметкерлерінің алдында айтарлықтай жұмыс тұрғанын атап өтті.
- Жолдауда халықаралық тәжірибе аясында озық тәжірибеге көшу міндеті көрсетілген. Біз полиция қызметкерлері ретінде азаматтардың өтініштерін қанағаттандыруымыз керек, - деді полиция полковнигі Ренат Унарбеков.
Сонымен қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда барлық озық елдерде полиция институты сервистік модель негізінде дамып келетінін ерекше айтып өтті.
Шығыс Қазақстан облысында сервистік модельге көшу біртіндеп іске асуда, Полиция департаментінде азаматтарды қабылдау орындары ашылған, ол жерге кез келген азамат жүгініп, қажетті кеңес ала алады. Негізгі міндеті мәдениет нысандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылатын жаңа қызмет-туристтік полицияның енгізілуіне екінші жыл.
«Дөңгелек үстел» аясында Ренат Унарбеков Жолдауда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша жеке блок белгіленгенін атап өтті.
Президент құқық қорғау жүйесін реформалау және азаматтарға олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицияның ішкі істер органына өтуі аясында нақты ағымдағы және стратегиялық міндеттерді атап өтті.
Мемлекет басшысы полиция қызметкерлерін адамдармен ашық диалог жүргізуге үйрету маңызды екенін баса айтты. Бұл бағыт кадрларды даярлау және іріктеу жүйесінде басымдыққа ие болуы керек.
Дөңгелек үстелге қатысушылар азаматтардың өтініштеріне тиімді жауап беру қажеттігін атап өтті.
- Бүгінгі күні Полиция департаментінде әлеуметтік желілердегі ішкі істер органдарының қызметіне қатысты жарияланымдарға жауап беру бойынша жұмыстар үнемі жүргізіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыс тұрғындармен кері байланыс орнатуға және бұзушылықтар туралы уақытылы ден қоюға және алдын алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осылайша, ««Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты жүзеге асырылады,-деді Ринат Унарбеков.
«Дөңгелек үстел» төрағасы учаскелік инспекторының рөліне баса мән берілетін «Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметінің мейлінше тұтас реформасын жасау қажеттілігіне көңіл аударды. Департаментте учаскелік инспектордың мәртебесін заңнама арқылы арттырып, оның өнімді жұмыс істеуіне мол мүмкіндік берген жөн. Ол азаматтар алдында танымал, қол¬жетімді әрі беделді болуға, солардың құ-қықтарын қорғауға тиіс екенін атап өтті.
Ішкі істер министрлігі 2020 жылды учаскелік полиция инспекторларының жылы деп жариялағпнын естеріңізге сала кетейік. Учаскелік инспекторлардың тұрғындармен тікелей байланыс жасайтынын және бірінші болып шешім қабылдайтынын барлығы біледі. Қазіргі уақытта елордада учаскелік полиция инспекторларының жұмысына барлық жағдайлар жасалды, материалдық-техникалық база едәуір нығайтылды.
Сұхбатты жалғастыра отырып, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері учаскелік полицейдің мәртебесін қолдау мақсатында жақында өткен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша бірқатар ұсыныстар дайындағанын атап өтті.
Сонымен бірге, отырыста ішкі істер органдарының бірінші кезектегі міндеті құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстардың себептері мен жағдайларын анықтау және олардың алдын алу шараларын қабылдау болып қалатындығы айтылды.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі