Шығыс Қазақстан облысында мас жүргізуші төрт баланы қағып кетті.

Шығыс Қазақстан облысында мас жүргізуші төрт баланы қағып кетті.

Бір бала қайтыс болды, қалғандары ауруханаға жеткізіліді.
⠀
Қайғылы оқиға 5 қыркүйекте кешке болған. Жаңа Шүлбі ауылында 31 жастағы мас жүргізуші көлікке отырып, бұрылғысы келген, бірақ басқара алмай қалған. Нәтижесінде ол жол маңында ойнап жүрген төрт баланы қағып кетті.
⠀
"Mitsubishi Challenger жүргізушісінің кінәсінен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 5, 10, 11 және 12 жастағы балалар зардап шекті. Өкінішке қарай, 10 жастағы қыз жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, қалған балалар түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
⠀
Автокөлік жүргізушісі ұсталып, аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
⠀
"Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
⠀
Полиция ақпараты бойынша, аталған қылмыс үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру және 10 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығына тыйым салу жазасы көзделген.
⠀
Қазіргі уақытта сот сараптамалары жүргізіліп жатыр, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.