
Серебрянск қаласында полицейлер жедел түрде жеті жасар баланы тапты
30 наурыз күні сағат 16:30-да полицияға баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Жеті жасар бала ата-анасымен серуендеуге шыққан, алайда бір сәтте олардан алыстап, адасып кеткен.
Жедел іздестіру іс-шараларына полиция экипаждары жұмылдырылды. Араға 30 минут салып, патрульдік полицияның бірі баланы аулалардың бірінен тапты. Кәмелетке толмаған бала ойынға беріліп, оны іздеп жатқанын білмеген.
Бала отбасына аман-есен берілді.
Полицейлер ата-аналарды балалар жоғалған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады. Жедел әрекет ету жоғалған адамдарды бірден табуға және ықтимал қауіптердің алдын алуға мүмкіндік береді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі