
ШҚО-да «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды
Бүгіннен бастап Шығыс Қазақстан облысында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы басталып, 20 наурызға дейін жалғасады.
Осы кезеңде тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша жұмысты күшейтеді. Рейдтік іс-шаралар, мекенжайлық тексерулер және халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидаты негізінде заңнаманың сақталуына бақылау күшейтіледі. Жол қозғалысы қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып, республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдарда, сондай-ақ елді мекендерде жүргізушілердің жол жүрісі қағидаларын, жылдамдық режимін және жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтауына тексеру жүргізіледі.
Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға, жауапкершілік танытуға және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде өз үлесін қосуға шақырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі