ШҚО Полиция департаментінде оқу-әдістемелік жиын өтті

ШҚО Полиция департаментінде оқу-әдістемелік жиын өтті

                                                                                                   ШҚО Полиция департаментінде оқу-әдістемелік жиын өтті

ШҚО Полиция департаментінде полиция полковнигі Серік Тоқтарқанұлының төрағалығымен қалалық және аудандық бөліністердің жеке құрам жұмыстарына тікелей жауапты басшыларының қатысуымен оқу-әдістемелік жиын өткізілді.

Аталған отырыста ШҚО ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Ерхат Шалқыбаев нәтижелі тәжірибесімен бөлісіп, атқарылған жұмыстармен таныстырып, сонымен қатар, ІІМ кадр саясаты жұмысына енгізген өзгерістер туралы айтып өтті.

Кездесу барысында Ішкі істер министрлігінің талаптары түсіндіріліп, оларды тәжірибеге енгізу жолдары талқыланды. Онда ШҚО ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы, Өзіндік қауіпсіздік басқармасы, Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының басшылары, жеке құрам бойынша инспекциясының бастығы өздерінің бағыттары бойынша маңызды ақпараттарын жеткізді.

Сонымен қатар, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген Күршім ауданы полиция бөлімінің кадр саясаты жөніндегі орынбасары өзінің озық тәжірибесімен бөлісті.

Бұдан басқа қатысушылар Ішкі істер министрлігінің талаптарына қатысты сұрақтар қойып, олар бойынша жан-жақты талқылау жүргізілді.

Бұл жиын ішкі істер органдарындағы кадр саясаты жұмысын жетілдіру, жеке құраммен жұмысты тиімді ұйымдастыру және ішкі тәртіп пен кәсібилікті арттыру мақсатында өткізілген маңызды іс-шара болды.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі