Құрмет, дәстүр және ұрпақ сабақтастығы: Криминалистика қызметіне 106 жыл

Құрмет, дәстүр және ұрпақ сабақтастығы: Криминалистика қызметіне 106 жыл

                                                                                                  Құрмет, дәстүр және ұрпақ сабақтастығы: Криминалистика қызметіне 106 жыл

1 наурыз – жедел криминалистика бөлімшелері қызметкерлері үшін маңызды күн саналады. Бұл – шындықты іздеуге, әділдікті қалыптастыруға және күрделі әрі қиын қылмыстарды ашуға арналған мамандардың кәсіби мерекесі. 2025 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің криминалистика қызметіне 106 жыл толып отыр.

Осы атаулы күнге орай Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің тарихи музейінде бастықтың орынбасары, полиция полковнигі Тақжанов Қазбек Мұхтарұлының қатысуымен салтанатты іс-шара өтті. Әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, ардагерлерге криминалистика саласының дамуына қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірген полицей, қазіргі мамандардың еңбегінің маңыздылығын атап өтті.

«Криминалист қызметі жоғары кәсібилікті, зейінділікті және мінсіз жауапкершілікті талап етеді. Дәл сіздердің еңбектеріңіздің арқасында түрлі қылмыстар ашылып, әділеттілік орнап, халқымыздың құқық қорғау органдарына деген сенімі нығая түсуде. Баршаңызға қызметте табыс, мықты денсаулық, төзімділік және жаңа жетістіктер тілеймін!» – деді полковник.

Іс-шара барысында Шығыс Қазақстан криминалистика қызметінің қалыптасуына өз үлестерін қосқан ардагерлер ерекше құрметке ие болды. Оларға көп жылғы адал еңбегі үшін алғысхаттар табысталды. Сондай-ақ, бүгінгі күні тынбай еңбек етіп жүрген, криминалистика дәстүрін жалғастырып, кәсібилігімен және адалдығымен көзге түскен қызметкерлер де марапатталды. Олардың қатарында тәжірибелі мамандармен қатар, бұл жауапты қызмет жолына жаңадан келген жас криминалистер де бар.

Өз кезегінде ардагерлер әріптестерімен тәжірибелерімен бөлісіп, жас мамандарға сенімділік, зейінділік және үздіксіз даму жолында табандылық танытуды тіледі.

Криминалист жұмысы төзімділікті және үлкен жауапкершілікті талап етеді. Дәл осы сақшыларымыздың арқасында қылмыстар ашылып, азаматтар әділеттілік пен заң қорғауындағы сенімділік күшін қайта сезіне бастағандай.

Бұл күн криминалистика қызметінің маңыздылығын және құқықтық тәртіпті қорғау жолында тер төгіп еңбек етіп жүрген жандардың жұмысын тағы бір мәрте еске салды. Барлық қызметкерлер мен ардагерлерді кәсіби мерекемен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз лайықты түрде бағаланып, қызметтеріңізге әрдайым сәттілік серік болсын!


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі