
Борышкерлер назарына: көші-қон қызметі іздестіру шараларын күшейтті
Ақпан айында ШҚО құқық қорғаушылары Астанада ұзақ уақыт бойы 3 000 000 теңгеден астам қарызын төлеуден жалтарып жүрген өскемендік тұрғынды анықтаған. Жалпы, жыл басынан бері ШҚО ПД көші-қон қызметі орта есеппен қарызы 108 миллион теңгеден асатын 17-ден астам борышкердің тұрған жерін анықтады.
Полиция қызметкерлері атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Қарызы бар азаматтарға заң алдында жауап бермеу үшін өз міндеттерін уақытылы орындау ұсынылады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі