Шығыс Қазақстан облысында 20 жыл бұрын орын алған қылмыстың бетін ашты

Шығыс Қазақстан облысында 20 жыл бұрын орын алған қылмыстың бетін ашты

                                                                                                   Шығыс Қазақстан облысында 20 жыл бұрын орын алған қылмыстың бетін ашты

Полицейлер ШҚО прокуратурасымен бірлесіп 2004 жылы Өскеменде жасалған қылмысты анықтады.

2004 жылдың 22 қаңтарында облыс орталығындағы үйлердің бірінен зорлық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған. Аталған факті бойынша «Кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалған. Алайда сол кезде қылмыскер ізін суытып үлгеріп, оған қоса айғақтарды жою мақсатында үйді өртеп жіберген, өз кезегінде бұл тергеу барысын қиындата түсті.

Қанша жыл өтсе де, полиция қызметкерлері бұл істі тоқтатпады. Жедел уәкілдер материалдарды мұқият зерттеп, жиналған деректерді талдап, қылмыстың толық көрінісін рет-ретімен қалпына келтірді.

2025 жылдың ақпан айында қылмыстық іс қайта жалғасып, жедел тергеу тобы кешенді іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің ізіне түсе алды.

18 ақпанда сот шешімімен күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасуда.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі