Қырағылық – қауіпсіздік кепілі: алаяқтық мен есірткі қылмысына қарсы тұру жолдары

Қырағылық – қауіпсіздік кепілі: алаяқтық мен есірткі қылмысына қарсы тұру жолдары

                                                                                                   Қырағылық – қауіпсіздік кепілі: алаяқтық мен есірткі қылмысына қарсы тұру жолдары

Шығыс Қазақстан облысында нашақорлықпен күрес, жастар арасында есірткі таратудың алдын алу және интернет-алаяқтықтан қорғау мақсатында профилактикалық іс-шаралар өтті. Осы бағытта Қазақстан-Американдық еркін университетінің (ҚАЕУ) 100-ден астам студентімен өткен диалог - маңызды кездесулердің бірі болды.

Полиция қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша заңнамадағы соңғы өзгерістер туралы айтып, интернет-алаяқтықтың заманауи схемалары жайлы өзекті ақпаратпен бөлісті. Ерекше назар алдын алу шараларына аударылды – алаяқтардың құрбаны болмаудың жолдары және алаяқтық әрекеттерге тап болған жағдайда қайда жүгіну керектігі түсіндірілді.

Талқылауға құқық қорғау органдарының өкілдері, «Аманат» партиясының мүшелері және басқа да мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты. Олар студенттерге заңнамалық жаңашылдықтарды жан-жақты түсіндіріп, өзекті сұрақтарға жауап беріп, жастарды қырағы болуға шақырды.

Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыс жалғасын табады, өйткені қылмыспен күрестегі негізгі факторлардың бірі - жоғары ақпараттандыру деңгейі болып саналады.


                                                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі