
Азаматтарға қамқорлықпен
Өскемен қаласы Полиция басқармасы көші-қон қызметінің қызметкерлері денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі 63 жастағы жергілікті тұрғынға Қазақстан Республикасы жеке куәлігін ресімдеуде көмек көрсетті.
Құжаттар қысқа мерзімде дайындалып, жеке куәлік азаматшаның үйіне жеткізілді. Өз кезегінде ол көрсетілген қамқорлық пен ықылас үшін полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары жыл басынан бері осындай көмекке мұқтаж жеті азаматқа қолдау көрсетті.
ШҚО ПД баспасөз қызметі